Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Пәтерді қалай дұрыс жалға беруге болады?

Пәтерді жалға берумен бүгінде көптеген қазақстандықтар үздіксіз тынбай шұғылданады. Бұл бизнестің әлеуеті әлі жоғары.

Егер оны Интернеттегі сұраулардың статистикасы бойынша жан-жақты талдайтын болсақ, онда «пәтерді жалға беру» сөзін  2013 жылы мамырда жүйеге кірушілер 16 157 рет пайдаланған (wordstat.yandex.ru мәліметі). Көбіне жалға алынатын үйлерді іздеу Алматы мен Астанада жиі-жиі кездеседі. Бірақ, басқа қалалар бойынша сұраулар да жетіп артылады.

Пәтер қожайыны өзінің жылжымайтын мүлкін жалға беруді қолға алып, ойлана бастағанда, ол бұл бизнесті жүргізудің көптеген тәртіптерін біле бермейді, оған ынтасы да болмайды. Мысалы, талапкерлер клиентті өз пәтеріне тіркеу үшін ЖК негізінде тіркелу керек, керек еместігін жиі сұрайды.  Сонымен қатар көпшілік әлі күнге жалға беру шартын құру сенімді түрде міндетті емес деп санайды. Әрине, онсыз да болады, бірақ, бұдан сіз не жоғалтатыныңызды білуіңіз қажет.

Сонымен, егер сіз жалға алушыға пәтеріңізді беретін болып шешсеңіз, қандай ұсынымдар бар?

  1. Тыраштанып қымбат жөндеу жасамаңыз. «Бұл ешқашан  өз-өзін ақтамайтын шығындар», -- дейді тәжірибелі жалға берушілер. Басқаның, өзгенің  мүлкіне біреулер аса бір жанашырлықпен қарамайды: жаңа жиһаз, сапалы әрлеу тез өңін жояды. Егер жөндеуге көп шығын жұмсалмаса, жалға алынатын пәтердің орташа бағасының  диапазоны тәуір болады. Оның үстіне бөлменің ішіндегі заттарды мерзім сайын жаңартып отыруға тура келеді.  Жалға алушылардың көбісін жиhазсыз пәтер әркез қанағаттандырады. Пәтер қалтасы қалың байларға жалға беруге дайындалса да, кейде клиенттің талабымен онан сайын жабдықты қымбаттырақ жасатады.  Бұлар, әрине, шіреніп шалқыған шетелдіктердің немесе ірі-ірі компаниялардың қызметкерлерінің қатарынан болып келеді.
  2. Жиhазсыз ең аз жинағы, шынында, мынадай болу керек (егер пәтер толықтай бос берілмесе):  керует, диван, киім шкаф, тоңазытқыш, түстік стол, ыдыс-аяқты шкаф, кіржуғыш  машина, орындықтар.
  3. Салық комитетінде тіркелу керек. Оның үстіне елімізде кейбір келеңсіз оқиғалар орын алып жатқаны белгілі.  Жалға алушылардың айтуынша,  участкелік қызметкерлер пәтерлерге жиі-жиі тексерулер жүргізетін болған. Егер үйдің заңсыз жалға берілгені анықталса, қожайынға айыппұл салынады. Әкімшілік тәртіп бұзушылық туралы Заңдар жинағының 207 бабына сәйкес  (объектіні салық салудан жасырын ұстау) «объектілерге салық салу төлемдеріне жататын салық сомасынан және тағы басқа міндетті төлемақылардан жүз елу пайыз көлемінде». Бірақ, барлығы тексеруге байланысты емес: жалға алынған пәтерлерде тыныштықтың  жоқтығынан, шудың көптігінен көршілерден полицияға шағымдар жиі жазылады. 
  4. Егер тұрғын үй ғимаратын өтеусіз пайдалану туралы шарт  нотариалды бекітілсе, онда салық комитетіне тіркелмесе де жарайды. Бұндай жағдайда төлем туралы сенімхат ауызша болады, демек, клиент төлемақы төлемесе немесе мүлікті бүлдірсе, заңды негізде жауапқа тартылмайды.  
  5. Жеке кәсіпкер куәлігін бірден жылдам түрде рәсімдеу міндетті емес. Жалға алушы патенттің негізінде емін-еркін жұмыс істей алады. Егер сіз еңбекке адам жалдамасаңыз және бір айлық табысыңыз ең төмен жалақының 200 мәрте мөлшерінен аспаса, осылай жасауға болады. Мұндай жағдайда кәсіпкер көрсетілген табыстың  2% мөлшерінде міндетті салық төлейді.  Сондықтан патентті бір ай мерзімге немесе жыл соңына дейін алуға болады. Патент бухгалтерлік есептеме жүргізілмейтіндіктен (тек салық комитетіне) және кассалық аппарат пайдаланбайтындықтан қолайлы.
  6. Әкімшілік заңдар жинағына сәйкес, барлық, бүкіл қазақстандықтар  2011 жылдан тұрғылықты мекен-жайда тіркелімде болуы тиіс (егер олар 3 айдан артық тұрса).  Әйтпесе, уақытша тіркелімді рәсімдеу керек (бір жыл мерзімге). Болмаса тіркелімге тұрғандарға да, оларға пәтерде тіркелуге рұқсат бергендерге де сөзсіз айыппұл салынады (5 АЕК көлемінде). Егер жалға алушы оны жалға берілетін үйге тіркелімге алуды өтінсе, жылжымайтын мүлікке байланысты қожайынға ешқандай қауіп-қатер төнбейді.  Заң бойынша тұрғын үй қожайыны өзінің пәтерінен кез келген адамды шығара алады, соңғысының ТҚО-на келуі міндетті емес. 
  7. Құжаттарды арнайы рәсімдеу  (патент тәрізді жалдау шартын да) қызметті жария түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді және егер жалға алушы төлем төлемесе, бір нәрсені сындырып қойса, арнайы шағым түсіре аласыз.
  8. Жалдау туралы шарт жасасу міндетті.  Мұнда міндетті сақтандыру жарнапұл төлемін енгізуге болады (ол бір айлық аренда құнымен тең түседі). Бұл кезде жалға алушы жабдықтан бір нәрсені бүлдіріп қойса немесе қарызданса, сақтандыру жарнапұл жалға беруші де қалады. Кейбіреулер арнайы кепілдеме  депозитін пайдаланады.
  9. Үй-жай қызметке төлемді өз бетіңізше жүзеге асырыңыз.  Жалға алушының төлем жасап,түбіртекті үй қожайынына беруі тәжірибеде кездеседі. Бірақ, Алматыда, мысалы, бүгінде төлем туралы жасанды түбіртек жасау болғаны туралы жүйелерде шынайы ақпарат шықты. 
  10. Жалдау шартына қол қою кезінде мүліктерді қабылдау-өткізу актісі құрылады. Онда пәтердің, жиhаздың ахуалы жазылады. Сіз қажет деп санағандардың барлығы тізімге түседі. Кемшіліктер де көрсетіледі. Мысалы, 1 дана. Тоңазытқыш — оң жақ қабырғасы қатты сызылған.
  11. Жалға алушының пәтерден кетер алдында да, міндетті түрде қабылдау-өткізу актісі жасалады.
  12. «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік құқық тіркелімі туралы» ҚР Заңына сәйкес, егер пәтер бір жылға немесе одан көп мерзімге жалға берілсе, аренда шарты құқықтық кадастрда тіркелуі тиіс (ТҚО-ы арқылы әділет ұйымдарында).
  13. Сонымен кейбір мамандар жылжымайтын мүлікті өрттен және су басудан сақтандыруға кеңес береді.
  14. Жалға алушыдан кепіл ретінде паспорт немесе жеке куәлік алу заңсыз болып есептелетінін есте ұстаңыз. ҚР заңдар жинағы, 379 бабына сәйкес, бұл тәртіп бұзушылықта 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
  15. Бұрынғы жалға берушілердің ақылына сүйенсек — үйді кейбір еңбек мигранттарына бермеу керек екен. Олар екі адамға келісіп, ұялмай-қызармай 10 адамға дейін тұра береді.

Клиенттерді іздеу сондай проблема туғызбайды: хабарландыру желімдеу керек, оларды жергілікті басылымдарға және мамандандырылған сайттарға орналастыру қажет.  Риэлторларға хабарласу не хабарласпау — әркімнің еркінде. Сауатсыз қызметке жолыққандар риэлторлармен сөзге келеді.  Егер сіз өз бетіңізбен пәтерді жалға беруді қаласаңыз да, кенеттен аяқасты клиент кетіп қалса, егер үйді сіз тезірек жалға бергіңіз келсе, риэлтордың қызметі құнды болады.

Жалдау туралы шартқа қатысты түрлі үлгілерді Интернеттен оңай да жеңіл табуға болады. Қысқасы, қазақстандықтар да мұндай маңызды сұраулармен Бүкіләлемдік желілерге жиі хабарласады:  мамырда  767 сәйкес келетін сұраулар тіркелді.  Дұрыс вариант — құжаттарды құрастырғанда юриске жүгіну керек. Қызмет, әрине, тегін тұрмайды, бірақ, сіз мұндай типтік шартты бірнеше жыл емін-еркін пайдаланасыз.

Фото: перспектива48.рф

Kn.kz Ақпарат қызметі

kn.kz
>
Статьи