Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Жан­жақты жабдықталған пәтерлерді сату

Жиһаздары мен техникалары сақадай-сай пәтерлерді сатып алу бүгінде қалыпты құбылысқа айналды. Астана риэлторларының айтуынша, жабдықталған жылжымайтын мүліктерді сатушылардың 80%-ы ұсынады.

Өткенді ұмытпау керек, кезінде жанұялар жиһаз сатып алу үшін тапжылмай кезекте тұрды, қабырға заты мен асханалық гарнитурдың ізінде «шапқылап жүрді. Қазірде қалтаңда ақшаң болса, талтаңда да талтаңда. Тәуір жағдай тәуір ақшаны қажет етеді. Тек қаражатты босқа ысырап қылмай, баспен ойлап, орын-орнымен жұмсай білу керек. Әр адам өз үйін ерекше, ыңғайлы және үйлесімді қылып жасағысы келеді. Пәтерлердің көбісі асханалық гарнитурларымен саудаға қойылады — жаңа орынға оны алып кетудің қажеті шамалы. Жиһаз, тәртіп бойынша, әрбір асханаға сәйкестеп, тапсырыспен жасалады. Сондықтан ол басқа пәтерге жайсыз болуы мүмкін.

— Асханалық бұйымдарды аз жағдайда қожайын өзімен алып жүрді, — дейді Ирина Барбаева, «Адмирал» риэлторлық агенттігінің директоры. — Мәселен, менде шкаф-купе бар делік. Оны басқа пәтерге апаруды оң санамаймын. Питерге көшетін болсам, сол үшін контейнер жалдаймын. Ақша жұмсаймын. Оның не керегі бар. Сол қаражатқа жаңасын сатып алмаймын ба?

Жиһазды пәтер бірінші кезекте сатып алушыға ыңғайлы. Оған анау айтқандай ешкім қосымша ақша төлемейді.

— Қазір бізде үш бөлмелі пәтер бар, бұны 75 мың долларға сатып алуға болады, — деп мысалға келтіреді Ирина Барбаева. — Техника қымбат тұрады, асханалық гарнитур 6000 долларға бағаланады. Үйлері оның жаңа екенін, жыл болғанын айтады. Олар өз жылжымайтын мүлкін тезірек сатуға тырысады. Осы жағдайда әлде баға, әлде жылдамдық рөл атқарады. Пәтерді таңдағанда, бірінші кезекте адамдар құнға көңіл аударады.

 Жақсы жиһазды пәтерден бөлек сату әр уақытта орындала бермейді. 6 мың долларға адам өзін қанағаттандыратын жаңа гарнитурға тапсырыс жасайды. Мамандардың бағалауынша, қымбат асхананы мың долларға өткізуге болады яғни 6 есе арзанға. Техникаға осылай жасалады. Егер ақша болса, ескі жиһазды сатып алып қажеті не? Жаңасына дүкеннен кепілімен, жеңілдікпен иелік етуге болмас па? Тек жеке меншіктен оны арзандауға түсіреді. Жабдығымен пәтерді сату кезінде адамдар жиі бағаны сұрайды. Сатып алушыларды пәтердің орналасқан жері, материалы және қабырға жағдайы, жобалауы қызықтырады.

Әжелерінен қалған бөлменің ішіндегі заттарына ештеңе төленбейді. Кейбір кездерде сатып алушы ескі заттардың барлығын шығарып тастауды өтінеді. Болмаса жаңа қожайынның өзі істейді немесе таныстарынан көмек сұрайды, басқаларды жалдап жасатады.

Жылжымайтын мүлік бойынша кеңес беруші Руслан Унгефугтың пікірінше, сатушылардың 80 пайызы үйлерін жасау-жабдықпен саудаға қояды. Мысалы, Best Realty компаниясы бизнес- және элит-сегменттермен шұғылданады. Ал, сатып алушылардың 40%-ы ғана үйді жабдығымен қалайды. Пәтерге ие болғаннан кейін жаңа қожайын өзіне ұнамайтын жиһаздарды сатып жібереді.

— Сатып алушылардың көбісін жиһаздар қызықтырмайды, — дейді Руслан Унгефуг. — Барлығы үнемдеуге тырысады, сатушыдан пәтер бағасына жиһаз құнын қоспауды өтінеді.

Стандартсыз жиһаздармен пәтерді өткізу қиынның қиыны. Мысалы, Астанада орта бойлы әйел үй сатады дейік. Асханадағы шкафтар төмендеу болады. Сатып алушыны бұл жағдайда жабдықтар қызықтырмауы ықтимал.

Әлеуетті клиенттерді қайдан іздеуге болады?

Көп кезде пәтерді бөлменің ішіндегі заттармен сатып алушылар болашақта оларды жалға беруді жоспарлап алады. Мұндай жағдайда жаңа қожайын үйді қайта жабдықтауға уақыт та, күш те, ақша да жұмсамайды. 

— Мұндай адамдар пәтерге кіргенде не қалатынын сұрайды. Осыдан-ақ оның жылжымайтын мүлікті не үшін сатып алып жатқаны белгілі болады. Олар әр зат үшін таласады. Мәселен, сатып алушы түкке тұрғысыз диванды қалдыруды өтінеді. Сосын ол біртіндеп бөлменің ішіндегі заттарды жаңартады, — деп түсіндіреді риэлтор Ирина Барбаева.

Руслан Унгефугтің пікірінше, Астанада жиһазбен пәтер алу ыңғайлы екен. Астана — жылжымайтын мүлікті инвестициялау үшін, оны жалға беру үшін өте қолайлы, тартымды қала. Сұраныс келушілердің санына байланысты. Пәтерді жабдығымен алушылар екінші санатты құрайды.

— Жиһаз, негізінен, өз заттарын алыстан әкеле алмайтын басқа қалалардан келген сатып алушылар үшін маңызды. Немесе ол уақыттары тығыз, жұмыстан қолы босамайтындар үшін де мағыналы.

Осындай варианттарды Астанаға келген туысқандар пайдаланады. Мысалы, астанаға тұрақтаған балалар ата-аналары үшін жиһазбен үй сатып алуға құштар.

Риэлтор Ирина Барбаеваның пікірінше, «ешқандай кемшіліксіз» пәтерлердің стандартты жабдығымен болғаны жеңіл екен. Классикалық стиль, түсін сақтауы, көп емес заттар: жеңіл бұрыштама, стенка-горка, тәуір теледидар, кір жуғыш машинка, асханалық гарнитур және тағы басқалар.

— Жабдығымен пәтерді саудаға қоятын үй иелері «супер-хай-тек» емес, «ауыр» классикаға тыраштанбауы керек, — дейді жылжымайтын мүлік бойынша кеңес беруші Руслан Унгефуг. — Жай жылтырамаған жиһаздар жетеді. Кеңістікті қыса берудің қажеті жоқ. Егер сізде үш бөлмелі пәтер болса, үшінші бөлмемен не істеріңізді, балалар бөлмесі немесе кабинет қыларыңызды білмесеңіз, сізге ақыл – оны бос қалдырыңыз. Оны сатып алушылар өздері шешеді. Барлық бөлмелерді ағаштатып, еденге ковролан төсеп, жиһазды драптап қажеті жоқ, ол қауіпті. Сатып алушының түрлі материалдарға аллергиясы болуы мүмкін.

Бұрынғы қожайындардан ескі заттарын алып қалуды бай адамдар жақтырмайды. Ақшалары барлар пайдаланылған мүліктерді қайтсін?!

— Байлар жөндеудің де, жиһаздың да керек еместігін, осы ауданның, осы алаңның өздерін қанағаттандыратынын айтады, — деп әңгімелейді «Адмирал» компаниясының директоры. — Мұндай клиенттер өз үйіне өз қалауын өзі жасайды. Жөндеудің осыдан бір жыл бұрын жасалғанын жеткізесіз. Қалталылар: «Ол маған әсер етпейді. Олар өздері үшін жасады, ал, мен өзім жасаймын», — деп жауап беруі ықтимал. Жаңа болса да, терезелерді ауыстырады. Терезені қайта қоюшы шеберлердің өздері жаңаны жаңаға ауыстыруға қолдары бармайтынын айтады. Бірақ, қожайын басқа түсті, пакетті және кескін үйлесімін қалағасын амал жоқ.

Шын жүректен әңгіме

Пәтерлерді сату кезіндегі жиһаздар мен и техникалардың құнына талдау жасаудың қиындығын ескертеді мамандар. Бұл тек қана фирмалар мен өндіруші-елдерге емес, ғимарат метражына байланысты. 

— Біз жұмыс істейтін бұл сегментте үлкен, өте үлкен пәтерлер болады, — дейді Руслан Унгефуг. — Сонымен қатар жиһаз да қымбат тұрады. Бір гарнитур 15-20 мың долларға бағаланады. «Егер жиһазбен сатсам, саудаласу болмайды, ал, жиһазсыз сатсам, жеңілдік жасалады», — дейді иегерлер. Жиһаз пәтердің құнынан 5%-дан до 10%-ға дейін құрайды. Мысалы, менің әріптесім өз пәтерін 220 000 долларға сатты, басында иегерлер оған 230 000 доллар сұраған (жиһазбен). Сауда 10 мың долларды құрады.

Мәселен, Қарағандыда пәтер де, пәтердің құны да, пәтердің жабдығы да қарапайым. Асханадағы гарнитур болса, баспана бағасына 300 доллар қосылады. Бүгінде, мысалы, «екі бөлмелі» жиһазымен 58 мың доллар тұрады. Егер сатып алушы бұдан бас тартса, 56 мыңға келіседі (жиhазды алып кетуге болады). 

Екі тараптың баға бойынша бірден келісімге келуі сирек кездеседі. Сатып алушы мен сатушы күтпеген жерден ұсақ-түйекке бола араздасып қалатын кездер болады. Абзалы келісім кезінде үшінші тараптың болғаны дұрыс. Неге десеңіз, риэлтор екіжақты тиімді келісімге келуге, пайдалы шешім қабылдауға көмектеседі.

— Тараптар бұл мәселені асықпай-аптықпай оймен ортаға салады, пікірлеседі,— дейді Ирина Барбаева, — түпкілікті бір байлам жасалмаса бір-біріне: «Тарасайық! Ертең кездесейік!» — дейді. Үйде жеке ойлануға мүмкіндік туындайды. 

Тізімсіз іс жүрмейді

Тәжірибелі риэлторлар пәтер иелерінің кепілақшаны алар кезінде қалатын мүліктердің тізімін жасайды. Өз бетінше пәтерге ие болғысы келетіндер мұндай өзгешеліктерді білмейді, оған мән бермейді. Сондықтан бұндай аңғарымсыздықтың соңы үлкен қателікке ұшыратуы мүмкін.

Руслан Унгефуг:

— Үй иесі жиһаздың жартысын тастайтынын айтатын сәттер болады. Бірақ, қорытысында келісімге қол қойылып, пәтерден шығатын кезде айна мен аспашамды алады. Тіпті кейде өшіргіш пен розетканы да қалдырмайды. Сондықтан пәтер сатылғаннан кейін не қалатынын, не қалмайтынын тізімге жазамыз. Техника моделдерін де. «Басында LG машинкасы тұрған, қазір басқа» — деген түсінбестік тумауы үшін осылай жасаймыз. Осындай сауатты әрекетке барғанда ғана сатып алушы да, сатушы да, риэлтор да уайымға түспейді.

Ирина Барбаева:

— Жақында бізде жиһазға байланысты мәміле соңына дейін жетпеді. Алғашында пәтер де ұнаған, банкпен келісілген, кепілақша да әкелінген. Қожайын барлық жиһазды тастауға уағдаласқан. Клиент бәріне басын шұлғығасын, «Бәрін арзанға беріп жатырмын. Стенканы, теледидарды, үстелді алып кетемін», — демесі бар ма оның?! Сатып алушы бұл әрекетке қатты ренжіді. Өйткені, олар өз жиһаздарының жартысын осы жаққа сеніп, басқа біреулерге беріп қойған екен. Бір-біріне ерегесіп, ақыры келісімшарт бұзылды.

Маман пәтерден жиһаздармен қосып, барлығын алып кетудің дұрыс еместігін айтады. Мысалы, құрастырылған плиталарды иегер бірге алып кетеді немесе асханада шүмекті раковинасыз қалдырады. Егер пәтер осы барлық міндетті атрибуттармен қосып сатып алынса, онда алып кетілген ванна мен плитаның орнына басқа бір нәрсе қалдыру керек. 

Фото: oyme-stroy.ru

Kn.kz Ақпарат қызметі

kn.kz
>
Статьи