Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Қайрат Құдайберген: «Қазақстанда гараждың болашағы жоқ»

Гараж… Бұл сөздің әрбір көлік сүюші үшін мағынасы, маңызы, мәні зор. Үйді сатып алу кезінде кез келген қожайын өзінің жеке көлігінің жағдайын ойластырады. Темір «ракушектің» ертеңі, келешегі туралы «Корпорация Строй-Контракт» АҚ-ның бас директоры Қайрат Құдайберген тереңнен пікір қозғайды.

— «Хомо советикустің» өкілдері біздер үшін осынау гараждар — бұл көлік үшін кірпіштен немесе темірден соғыла салған және балконға тіпті сыймайтын құрастырмалы үйшік емес, гараждар біз үшін тұнып тұрған логика, тұнып тұрған философия. Олар пікірлес-еркектердің еркіндік, бостандық күркесі, қайта құру кезеңіндегі балалар үшін аттракцион (олар жаз бойы төбеде тынбай жөрмелеп жүгіреді, ал, қыстыгүні төменге  сырғанайды) және айыппұл салынған күйеулердің қорғанышы. Бірақ, мұның бәрі артта қалды.

«Астанадағы ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін гараждар нарығының болашағы қандай?» — деген сұраққа, «Ешқандай болашағы жоқ», —деп жауап берер едім. Оның үстіне олар орасан зор жер учаскелерін алып жатқандықтан, жаңа тұрғын үйдің салынуына кедергі болады және мегаполистің өсуін кідіртеді. РФ облыстары мен қалаларының дамуы үшін гараждарды бұзу мәселесіне көршіміз Ресейде үкімет дәрежесінде актілер қабылданады.

— Үлкен қалаларда парковка проблемасын қалай шешуге болады?

— Мүдделі мемлекеттік ұйымдар мен қоғамдық кеңестердің қатысуымен көлік қатынас жолдарының проблемасын реттейтін институттар құру қажет, екі жақты түсінбеушілік болмау үшін ойлармен, пікірлермен санасқан абзал.  Ондаған жылдар бойы жетістікке жетіп келе жатқан шетелдердегі  мегаполистердің паркинг-проблемаларын шешудегі бай тәжірибелерін сауатты пайдаланып, іске асырған дұрыс. 

Біздің еліміздегі үлкен қалаларда паркинг проблемасын шешуде жерүсті және жерасты паркинг-гараж түрлері салынуы мүмкін. Жерүстілер өз кезегінде жабық паркингтерге бөлінеді. Жерасты паркингтер орталықтағы көлік иелері үшін өте қолайлы, өте ыңғайлы, мәселен, паркинг үшін бос алаңды күндіз шаммен емге таба алмайсыз. Дегенмен, мегаполис орталығында жер үстіндегі және жер астындағы кеңістік те тола екенін ескеру керек – онда көптеген  қатынас жолдар өтеді.

Бұған қоса жерасты қатынас жолды ауыстыруда дренажды жүйе үшін қосымша шығындар жұмсалады (жоғары ылғалдылықтың гаражға қажеті жоқ), жасанды жарық беру және мәжбүрлі желдеткіш талап етіледі. Мұндай паркинг пайдалы, шығыны да шашетектен.

Көп дәрежелі жерүсті паркингтер. Бұларда тамаша бір ерекшелік бар — олар «қосалқымен» салынады, яғни, ірге тасты саларда бірнеше қосымша ярустарды құрастыратын жағдайда ол есепке алынады, бұның көлігі тасыған қала үшін маңызы зор.

Мен бұрын айтқанмын, көп қабатты жерүсті паркингтердің екі түрі болады: жабық және ашық. Ашық паркингтердің сыртқы қабырғасы жоқ, есесіне заңғар, биік бордюрлары немесе қатты тартылған үзілмейтін сақтандырғыш тростары бар. Жылу және желдеткіш мүлде болмайды, күннің тас қараңғы кезінде ғана жарық керек. Ашық паркингтердің сыртқы түрі тұрғын үй кварталының стиліне үйлессе, көркем, әдемі жарасып тұрады.

Жабық көп қабаттылардың гараждары мақсатты сыртқы қабырғалармен салынады. Паркингтің ашық типінен ерекше өзгешелігі газдар мен бензиндердің жағымсыз иістерінен арылу үшін мұнда жылу және мәжбүрлі желдеткіштік жүйе туралы тірлік жасалуы тиіс.

Жалпы, бұл жүйелердің барлығы еш проблемасыз қолданылады, тек қызығушылық танытқан тараптар үшін ең жақсы және қолайлы болатын жақын вариантты сауатты таңдау керек.

— ҚР ІІМ-і құрылыс салушыларға дайын паркингтермен қоса үйді пайдалануға беруді заңды міндеттеуді қалайды. Бұл мақсатқа сәйкес келе ме? Шаршы метрдің құны көтеріліп кетпей ме?

— Кез келген мегаполистің дамуы, өсуі көлік ағынын молайтатынын түсіну керек және ҚР ІІМ жол полициясы Комитетінің ұсынысы — бұл апаттық парковкалардың алдын алу үшін шара, бірақ, расында, ол жылжымайтын мүлік нарығында шаршы метрдің қымбаттауына әкеліп соғады. 

Басқа жағынан алғанда, тұрғын үй және тұрғын үй емес ғимараттарды сату нарығына талдау көрсеткендей, сатып алушылар жылжымайтын мүлікті тәуір паркинг-жүйелі кешеннен иеленгенді қалайды, яғни, бұл құрылыс салушылар үшін табысты көрсеткіштердің элементтері болып табылады. Көлік-орынның қажетті санының жартылай болуы немесе мүлде болмауы және паркингтің сауатты жобалануы бизнестің кез келген түрінің табыстылығын немесе табысты еместігін анықтайды. Бұл ақылға сыйымды,  бизнес клиенттің ыңғайына сай жүргізіледі. Клиент: «Көлік қоятын жер жоқ —басқа  супермаркетке барамын», —дейді.

Сондықтан көптеген үлкен сауда және офистік орталықтар авто парковкасы үшін мейлі, ол жерүсті немесе жерасты паркингтері болсын, кең алаңдарды ойластырады. Мұндай тұрақ алаңдары тіпті жиі сауда алаңдарын ұлғайтады, көбейтеді. Міне, қарапайым парковкалардың маңызды рөлі осындай.

Фото: vk.com

Kn.kz Ақпарат қызметі

kn.kz
>
Статьи