Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Гараж үшін жерді қалай рәсімдеуге болады?

Жаңадан гараж салу бір мезетте біте қалатын оңай шаруа емес. Алдымен тәуекелге барып, өз бетіңізше құрылыс салу үшін, бұл жағдайда гаражға байланысты, жайлы, қолайлы орынды дұрыс таңдап, екшеп, салмақтау керек. Әрі қарай жер учаскесін рәсімдеу мәселесі туралы жергілікті атқарушы ұйымдармен, дәлірек айтсақ, әкімдікпен келісімге келу қажет. Бұл үшін таңдалған жер учаскесіне құқық беру жөнінде арыз ұсынасыз.

— Құрылыс объектісі үшін жер учаскесінің тәртібін ұсыну ҚР Жер заңдар жинағының 44 бабымен реттеледі, көпшіліктің назарына ұсынылады, — деп түсіндіреді, ұғындырады «Юридический союз» ЖШС-нің юрисконсулты Анвар Беркамалов. — Объекті құрылысы үшін жер учаскесіне көңіл аударылып, ынта қойылғанда, сызба сызылғанда, алдын ала жер учаскесіне тиянақты, сауатты таңдау жүргізіледі. Арызда мыналар нақтырақ әрі дәлірек көрсетілуі тиіс: жер учаскесін пайдаланудың мақсаты; оның ұсынылған мөлшері, көлемі, орналасу жайы, мекені; пайдалану құқығының берілуі; басқа жер учаскесінің кәдімгідей болуы немесе тып-типыл болмауы. Жер учаскесіне құқық беру туралы арыз заңнамадан ауытқымай, үш жұмыс күнінің ішінде жер учаскесінің орналасу жағдайына байланысты өкілетті ұйымдарға түседі, мұнда аумақтық бөлуге сәйкес көрсетілген мақсатты нысандағы жер учаскесін пайдаланудың мүмкіндіктерін жан-жақты анықтайды. Жер учаскесіне құқық беру туралы арызды қараудың жалпы мерзімі ол түскеннен бастап, бас-аяғы екі айға созылады. Жер учаскесін беру туралы шешім комиссияның оң қорытындысы мен жер құрылысы жобасының негізінде қабылданады. Жер учаскесін беруден бас тарту туралы шешім комиссияның теріс қорытындысының негізінде қабылданады. Комиссияның оң шешімінен кейін гараж құрылысының жоспарын және құрылыс мерзімін ұсынасыз. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан соң, объектіні пайдалануға енгізуде акті процедурасын өткізесіз және ҚР заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықты тіркейсіз. Тұлғаның құқықтың туындауына негіз болып табылатын заңды ақиқат түскеннен бастап, алты айдан кешікпей, мемлекеттік тіркелім туралы хабарласуға міндеттілігі «Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркелім туралы» Заңының 9 бабы, 1 бөлігімен анықталғанын атап айтқым келеді.

Құқықты тіркеу үшін қажетті құжаттар

«Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркелім туралы» Заңының 21 бабы, 2 бөлігіне сәйкес арызданушы төмендегі құжаттарды дайындауы тиіс:

  1. бекітілген үлгідегі мемлекеттік тіркелім туралы арыз;
  2. жер учаскесіне идентификациялық құжаттарымен және (немесе) жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының қосымшасымен объекті тіркелімін растайтын құқық белгілеген және тағы басқа құжаттар;
  3. арызданушының (жеке тұлғаның) тұлғасын растайтын және арызданушының өкілетті өкілінің құжаттарының көшірмесі;
  4. жылжымайтын мүлікке құқықтың мемлекеттік тіркеліміне төлем жинағын дәл растайтын құжат;
  5. осы Заңмен қарастырылған басқа да құжаттар.

Көрсетілген құжаттардың қосымшасы бар мемлекеттік тіркелім туралы арызбен жылжымайтын мүліктің орналасу мекеніне байланысты тұрғындарға қызмет көрсету Орталығына (ТҚО) сізге міндетті түрде хабарласу керек.

Бүгінде жылжымайтын мүлікке құқықты электрондық тіркеу жүйесі жұмыс істейді, «Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркелім туралы» Заңының 20 бабы, 2 бөлігі тәртіп пен мерзімді ұсынады, сіз мұны egov.kz. сайтында жасауыңызға болады. ТҚО-ы арқылы тіркелімге 15 күн кетеді, ал, бұл процесс 1 жұмыс күнінде жүргізіледі.

Рәсімдеу кезінде гараждың нақты қожайынын іздеп табуға тырысыңыз, білмегендіктен тәжірибесіз сатып алушылар ыңғайсыз жағдайларға ұрынып жатады, өйткені, кейде тек сенімхаты бар туысқандары сатушының орнына келеді. Осындай кезде жылжымайтын мүліктің басты қожайынымен іс жасаған сенімді. Болмаса құжаттарды рәсімдеу үшін майталман юристі жалдаған пайдалы.

Жаңа құрылыстан гараж иеленген, расында, оңайырақ, өйткені, сіз оны ойланбай сенімді түрде «бірінші қолдан» сатып аласыз. Сатушыда барлық қажетті, керекті құжаттар болуы тиіс: жерге, гаражға меншік құқы туралы куәлік немесе, мысалы, жағдайға байланысты сыйлау шарты, техпаспорт. Егер гараж бұдан бірнеше жыл бұрын рәсімделсе, онда соған сәйкес құжаттарының болғаны абзал. Сатып алу-сату келісімшарты үш дана үлгісінде жасалады — сатушыға, сатып алушыға және нотариусқа.

Фото: uk-audit.ru

Kn.kz Ақпарат қызметі

kn.kz
>
Статьи