Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Астанадағы гараж нарығының болашағы

Астаналық тұрғындар жұмыстан кейін «темір тұлпарды» тізгіндеп, үйлеріне қарай тартады. Кептелме жоқ болса да және тіпті ыстық судың шүмегі ашық қалмаса да олар асығады. Бұның бәріне себеп – үйдің ауласындағы мүмкін көршінің көлігі тұрып қалатын жабылма орын.

Қай жерде де паркингтер қарастырылса да, үйлер жаңа технологиямен салынып жатса да, бүгінде бұл проблема астаналықтарды әлі айналып өткен жоқ. Іс демография мен кенттенудің өсуіне байланысты емес. Мыңдаған  автокөліктер «тұрақ» деп аталатын ішкі үйлік аймаққа толып кетті. Гараждар бұзылып жатыр, ашық тұрақтар – қауіпсіз емес, ал, паркингтер — тым қымбат.

Біздің гаражда…. Ал, сізде ше?

Қазір бәрі раритеттік жолға көшірілгесін темір «кепелерге» қауіп төнді. Астанада олар біртіндеп азайып жатыр, қала ортасында тіпті емге жоқ, сырттағылар ғана жетімсіреп қалқиып тұр.

— Қараңызшы,10 банка тосап, 5 банка тұздалған көкөністер — бұның бәрі өткен жылдан қалғандар, — деп көрсетеді «қоймасын» зейнеткер Валентин Тихомиров. — бұл гаражға 15 жыл болды, барлығын осында сақтадық, ол әлі мағынасын жойған жоқ, қиналғанда құтқарады. Ескі тоңазытқыш, керек емес жиhаз — бүкілін ақырындап осында әкелеміз.

18 шаршы метрлік алаңшаға зейнеткер көлігін де, оған қатысты қосалқы бөлшектерді де, үйге қажетсіз заттарды да және жанып кеткен электр жабдықтарын да сыйдырады.

— Осы гаражды кезінде бар болғаны мың долларға сатып алғанмын. Қазір оның бағасы шарықтап кетті. Мұнда картоп, тұздалған көкөністер жақсы сақталады. Егер бұл жерге үй салатын болса, көз алдыма елестете алмаймын, маған гаражды бұзуға тура келеді, — дейді Валентин Тихомиров.

Автокөлікті сақтау үшін сенімді орын — «кепелердің» өмірлері өтті, келмеске кетті. Жылжымайтын мүлікті сату саласындағы мамандар жақын уақытта металл үйіндісінен басқа олардан ештеңе қалмайтынын шегелеп  айтады.   Kn.kz Аналитикалық қызмет порталының мәліметтері бойынша 2013 жылдың сәуірінде гараждар мен көлік-орынды көшіруге қысқарту ұсынымы — барлығы 5%-ға байқалды, бұл 18 бірлік. Ұсынымның көп көлемін — 81%-н капиталды гараждар алады, 2013 жылғы сәуірде ұсынымды 290 объекті құрады. Жиынтық ұсынымнан тұрақтар мен сатып алынған жабылмалар 13%-ды құрады, немесе 46 бірлік. Ұсынымның ең аз көлемін жалпы ұсыным санынан 1%-ы немесе 2 бірлігі бар жерасты гараждар құрайды. 

Қазіргі таңда Астанада гараж кооперативтерінің институттары жұмыс істемейді. Олардан қалғандары — біртіндеп бұзып жатыр болмаса қала сыртына көшіріліп жатыр. Дегенмен, автокөлікті және керек емес тұрмыстық заттарды сақтаудың сенімді, қауіпсіз және қолайлы тәсілдері әлі де гараждардың мойнында екенін түсіну қажет шығар. 

Гаражды рәсімдеудегі өзгешеліктер

— Гараждарды рәсімдеу мәмілесінің басқа жылжымайтын мүліктермен жасалатын мәмілелерден айырмашылығы жоқ, өте қарапайым рәсімделеді, — дейді юрист Ахмет-Башир Газдиев. — Бірінші кезекте гаражға меншік құқын иелену үшін сатып алу-сату келісімшартын жасасу керек. Тәжірибе дәл көрсеткендей, барлық тіркелімдер, барлық мәмілелер тұрғындарға қызмет көрсету Орталығы арқылы өтеді. Сондықтан сатып алу-сату келісімшарты және құқық белгілеген құжаттар ТҚО-на тапсырылады. Онда мемлекеттік баж төленеді, сосын ТҚО-ы арқылы бұл құжаттар гараж меншіктігін тіркеу өткізілетін сатыларға жолданады.

— Мәміле жасау үшін және жалпы, уайымдамай «тыныш ұйықтау» үшін, — деп кеңес береді юрист, — бұл жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтың жоқтығы, яғни, тыйым салынбағандығы туралы анықтамаға тиянақты сұрау салу керек, екінші мәселе мүлікті алар кезде әйелдің немесе еркектің некеде тұрған, тұрмағандығының міндетті түрде басын ашып, біліп алған абзал. Егер рәсімдеу кезінде адам некеде жоқтығын айтса, кейін, керісінше, өтірігі шықса, неке туралы заң бойынша жұбайлардың мүлікке тең үлесі болғандықтан, әрі қарай жұбайлардың бірі дауласып, мәміле жарамсыз деп танылуы әбден ықтимал. Азабы көп мұндай қиындыққа ұрынып қалмас үшін ерінбей-жалықпай сатушының азаматтық жағдайын анықтау қажет. 

— Қарыз туралы бір мәселе тағы бар. Мүшелік жарнапұл және тағы басқа төлемдер бойынша қарыздың бар-жоғын міндетті түрде білу керек. Біз жоғарыда айтып өткеніміздей, әрбір салынып жатқан үйде міндетті түрде паркингтің болуы заңдастырылған. Бұл тұрғындарды автокөліктерді сақтайтын орынмен қамтамасыз етудің өркениетті құрылысы, — деп жан-жақты әңгімелейді Ахмет-Башир Газдиев. — Бүгінде негізінен жеке бөлімдерде гараж құрылысын жүргізуге рұқсат беріледі. Егер сіздің өзіңіздің учаскеңіз болса, онда меншікті үйіңіз тұрса, онда аулаңызда гараж салуыңызға болады. Қала маңындағы жеке учаскеден гараж салудың проблемасы шашетектен, біріншіден, қалада үздіксіз қарқынды құрылыс жүргізіліп жатқандықтан жер учаскесін алу қиынның қиыны екенін мен білемін. Жер аз, сіз көңіл аударыңызшы — аула автокөліктерге аузы-мұрнынан шығардай тола, жедел жәрдем, өрт сөндіру көліктері өте алмайды.

Біздегі паркингтер — тұрғын үй таңдаулығының белгілері

Өзіңіздің автокөлігіңізді сақтаудың ең қолайлы тәсілі  — бұл жерасты паркингі. Батыста жерасты паркингтері бар ғимараттарды салу өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан басталды. Мысалы, Германияда қарапайым панелді үйлерде міндетті түрде бір пәтерге минимум бір көлік-орын есептеліп, жерасты паркингі салынады.

Біздің жерасты жабылмалардың батыстан өзгеше айырмашылығы — бұл көбіне өзіміздікі, тұрғын үй таңдаулығының белгілері. Кейбір маңызды емес аудандарда үйдегі жабылмалар сирек кездеседі. Баға әр жерде әр кезде әр түрлі: маңызды емес аудандарда $10-12, таңдаулы тұрғын үйлерде $50 мың.

Тұрғын үйдегі жерасты жабылма ең төменгі қабатта орналасқан ғимаратқа сәйкестеледі, жобаланады. Жаңа тұрғын үйдегі бірінші қабаттар барлық уақытта автокөліктер тұрағына бейімделіп арналады. Сондықтан паркинг бітім-болмысымен толық үй асты және жердің түпкі төменгі жағында болмайды.

— Паркингтің ішкі қабырғасы болмайды, бағаналар тіреніш қызметін атқарады, кіретін жолдар арнайы түрде есептеледі және сосын салынады, теп-тегіс бетондалған еден істеледі, жабылмалық орын тиянақты өлшеніп белгіленеді. Сонымен қатар міндетті түрде желдеткіш және өрт қауіпсіздігінің тиімді жүйесі орнатылады, — дейді инженер-жобалаушы Серік Баймолдин.

Көлік жүргізуші-тұрғындар өз беттерімен пулттің көмегі арқылы қақпаны емін-еркін ашады, оған шек қойылмайды, болмаса паркингте күзет басқаратын  шлагбаум болады.

Батыста жерасты паркингі — анау айтқандай таңаудың көрсеткіші емес, ол бірінші кезекте ұлтарақтай жерді пайдаланып, көлік-орынның зәрулік проблемасын шешуге бағытталған. Астанада адамдар жетістіктерімен өздерінің автокөліктерін сақтаудың осынау «мықты» әдісін іске асыра алмай отыр.

— Тұрғын үйлер түрлі кластарға бөлінетіні көптен белгілі жәйт, — деп әңгімелейді риэлтор Рауан, — ал, жерасты паркингтер тек жаңа таңдаулы тұрғын үй кешендерінде болады. Мысалы, астанадағы ең тәуір, ең керемет  паркингтер «Хайвил» тұрғын үй кешенінде орналасқан, «Триумфе Астаны» кешенінде де қолайлы, ыңғайлы жабық паркинг бар. Егер бұрын біздің клиенттерді пәтер сатып алар кезде ауданның, көршінің қандай екендігі туралы мәселе мазаласа, ал, қазір паркингтің бар-жоғы уайымдатады.

Маманның айтуынша, бұдан басқа ішкі тұрақтардың да бағы жанып тұр, жетіспей жатады. Жерасты жабылмасы бар үйдегі пәтерді сатып алу өте пайдалы, яғни, ол бір оқпен екі қоянды атып алу болып саналады.

Панелді үйлердің жағдайына үңіліп зерделесек, өкінішке орай, мұнда көлік тұрақтар атымен жоқ. 

Өз орныңды біл

Жабылмадағы әрбір орын өз қожайынына бекітіледі. Оның басқалардан орналасуына, кіру-шығу қолайлылығына, алаңына және, әрине, бағасына байланысты айырмашылғы болуы мүмкін. Жабылмадағы орын иелену шарты пәтермен салыстырғанда өзгешерек. 

— Егер пәтер бөлек жылжымайтын мүлік объектісі ретінде есептелсе, онда жабылма жағдайында паркинг бүтін күйінде, толық күйінде қаралады, ондағы орын — тек ғана нақты бір тұлғаға тиесілі болмайды, мұнда ұжымдық меншіктің үлесі бар, — дейді юрист Руслан Сүлейменов. — Жабылмадағы орын иелеріне қатысты істі кейін ПИН басқаратын  кооператив ұйымдастыра алады.

Үйде тұрмайтын тұлғаларға тәуекел етіп сату немесе жалға беру реті кооператив мүшелерінің жан-жақты келісімімен өтеді. Сондықтан «жат» көліктердің болу мүмкіндігі кеміп, тіпті азайып кетеді. 

Автокөліктерді қырағы күзетумен және паркингте жұртқа қызмет жасаумен сауда фирмалары айналысады. Осындай істелетін қызметтерге бағаға байланысты көлік-орынның әрбір иегері ай сайын, тоқсан сайын және т.б. жиналатын ақшалай жарнапұлдар төлейді. Автокөліктердің бүтіндігінің барлық кепілдігі екі тарапқа да міндеттемелер мен жауапкершілік жазылатын күзет фирмаларымен жасалған шарттарда күмәнсіз анықталады.

Сізде таңдау бар

Терезенің алдына қымбат автокөлікті қою — өте қауіпті іс. Таңертең доңғалақтың орнын сипап қалуыңыз мүмкін, тіпті машинаның өзі жоқ болуы ықтимал. Сондықтан «темір тұлпарды» тізгіндемес бұрын оның тұрақ-мекенін сайлап алу керек.

Есен, жеке кәсіпкер:

— Мен ойланбастан жерасты паркингті таңдаймын. «Кепелерден» құтылу үшін қалалық үкімет дұрыс жасап жатыр. Бұл орынға үй салуға немесе қандай да бір сауда орталығын тұрғызуға болар еді... Бұны аймақты босату және автокөлікті сақтау үшін тұрғындарды орынмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша үйлесімді шешім деп санаймын. Алаңға орын алып, гараждар тұрғызғанша, паркингі бар үйлер салу өте мағыналы және мақсатты.

Михаил, автомеханик:

— Гаражда көп артықшылық бар. Біріншіден, егер де гараждың су сауғалайтын тесік-құтығы болмаса, машинаға ауа райы кері әсер етпейді. Оған жылу жүргізілсе, онда бұл кез келген автокөліктің арманы! Сонымен қатар керек емес заттарды, құрал-саймандарды сақтауға таптырмайтын тәсіл.

Асхат, менеджер:

— Жабылма орын — егер ол өзіңіз тұратын үйде орналасса қолайлы. Менің гаражым бар, жаман емес. Бұрын көлігімді автотұраққа қойып жүрдім. Бірде жұмысқа ертерек бару керек болып, аулаға шықтым — барлық аймақ көлікке толып тұр екен. 30 минуттай тосып, таксиге мініп жөнедім. 

Фото: adwood.ru

Kn.kz Ақпарат қызметі

kn.kz
>
Статьи