Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Өз үйіңді қалай қорғау керек

Темір есік, күрделі құлып және терезедегі тор сұғанақтардан әрдайым үйді қорғайтын сенімді құрал болып саналмайды. Егер сіз үйде көп болмасаңыз, мүліктің бүтіндігіне қобалжысаңыз, баспанаңызды күзетке қойғанның маңызы зор.

Әлеуетті клиентке күзет фирмасын таңдағанда, өте тия-нақты болуы керек және оған сенуі тиіс. Астанада — 18, Қарағандыда — 21 пульттік кү-зет қызметін ұсынатын ішкі ведомстводан тыс пультпен жұмыс күзет ұйымы жұмыс істейді. Бұл компаниялар коммерциялық мекемелерге, сонымен қатар пәтерлер мен үйлерге күзеттің кез келген түрін ұсынауға дайын.

Қазақстанда бұл қызмет лицензияланған. 2003 жылдан ҚР Үкіметінің қаулысымен заңды және жеке тұлғалардың мүліктері толығымен коммер-циялық мемлекеттік емес құрылымның қолына — ішкі ведомстволық күзет ұйымына берілген. Мамандандырылған қызмет күзеті мемлекеттік басқармасына стратегиялық нысандағы мемлекеттік мекемелерді — әкімдікті, мұражай-ларды, ауруханаларды және тағы басқаларды күзету жауап-кершілігі жүктеледі. Ішкі ведом-стволық күзеті жеке ұйымының жұмысына Астана қаласы ІІД-і мемлекеттік қызмет күзетінің бөлімі (МҚКБ) бақылау жасайды.

Қазақстанда барлық қызмет спектрін жасауға әркез дайын тек қана күзет ұйымдарының жұмыс істемейтіндігін айта кеткен жөн, сонымен қатар мамандандырылған құрал-жабдықты қауіпсіздендіру және оны монтаждау саласында тек сатумен шұғылданатын компаниялар бар. Үстіміздегі жылдан монтажға және сигнализацияны техникалық жағынан қамтамасыз етуге лицензия талап етілмейді. Фирма жұмысқа кіріспестен бұрын МҚКБ-ға тіркелуі керек.

Сонымен қатар қанпезер-лердің арам ойы іске аспау үшін «дабыл түймесін» қондыру үмітті, сенімді ұлғайтады. Мұндай жағдайда клиентке «брелокты түйме» беріледі, оны адам өзімен бірге алып жүре алады, аяқ астынан қауіпті, сұрапыл сәт туындағанда, оны пайдалану өте ыңғайлы. Және газ бен су шыққанда, қатердің бетін қайтару үшін датчик те зор рөл атқарады.

«Пугач» эконом-вариант секілді

Күзет сигнализациясы шудың күшті әсеріне сәйкестелуі, ыңғайлануы мүмкін немесе ішкі ведомстводан тыс күзет ұйымының пультіне қосылған. Ерекшелігі мол, артықшылығы мол «Пугачты» орнат-қанда, клиент сигнализация монтажына ақша төлесе жетіп жатыр. Ұры есікті ашқанда, әйтпесе, терезені сындырғанда шыңғырған сиренадан шоршитын болады. Мұндай жағдайда арам ойлы сұғанақтың қолына ештеңе іліп үлгермейтініне, қамқор көршілердің полицияны шақыратынына немесе оны өлердей қорқытатынына сенім арту керек.

— Шудың күшті әсеріне сәйкестелген, ыңғайланған сигнализацияны абзалы пәтерге жасырған дұрыс, залым ұры дыбыс шыға бастағанда, балғамен қобдишаны ұрып, сындыруға, қиратуға тырысады, — деп кеңес береді «ОПС Эгида» ЖШС-тің директоры Станислав Фролов. — Дыбыстың ырғағымен пәтерде қобдишаны табу қиынға соқпайды, бірақ, арамзаның оған кәдімгідей уақыты кетеді. Ол көзге көрініп тұрған жерден бағалы заттарды дыбыс шыққанда да алып үлгеруі ықтимал. Сондықтан пульттік күзет орнатқан сенімдірек.

Арақашықтықтағы күзет

Объектілердің пульттік күзеті іске жауапкершілікпен тиянақты болуға итермелейді. Екі жақты тараптың келісімшартына сәйкес, күзет фирмасы күзет-дабыл, өрт жүйесінен тыңғылықты операторлар арқылы түскен сигналдарды дер кезінде, уақытында қабылдап игереді, күзет қарулы нарядынан алынған тұщымды ақпаратты қабылдайды, сонымен қатар олардың объектілерге тас-түйін шығуын жан-жақты қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда жылжымайтын мүлік объек-тілерінің пульттік күзеті күзет ұйымдарының нарығында ең әйгілі, танымал, атақты қызмет болып табылады. Дегенмен, күзеттің бұл түріне тапсырысты көбіне саудалық ұйымдар жасайды. Кез келген жылжымайтын мүлік объектілерінің пульттік күзеті қызметінің құны жеке күзеттердің қызмет құнынан бір есе арзан. Мысалы, Қарағандыда объектілердің жеке қарулы күзеті сағатына орташа 250 теңгеге бағаланады.

Сигнализацияны монтаждау — объектінің техникалық беріктілігіне, тұтастылығына құрыл-ғылар біліктілік қатаң талапты жүзеге асыратын ең бірінші маңызды кезеңі. Әрбір объекті үш бірдей маңызды тетікпенен қорғалуы аса, тым қажет — үзіліп ажырау (терезелер, есіктер), сынып қирау (терезе) және қозғалыс (құрылғылар қозғалысы). Тағы бір төртінші тетік — қабырғаларды бұзу, ол көбіне жекелеген құрылымдарда — кассаларда, ломбардтарда қолданылады.

— Тұрғын үй ғимараттары үшін үш тетікті түбегейлі орнатудың мақсаты өте мардымды болып табылады, — дейді Станислав Фролов. — Залымдардың, арамтамақтардың жан-жақты қорғалынған торы бар терезеден ішке еніп, төртінші қабаттағы пәтерді қалағандарынша тона-ған, түк қалдырмай үптеп кеткен оқиғаны мен білемін. Олар ойларына келгенін жасаған, сосын терезелерді шаққан. Қадаға  қасқайғанда тек дәлізде ғана болған, ниеті жаман ұрылар ол жаққа тіпті де аяқ баспаған, бүкіл ақшаны қалталарына басып, терезе арқылы тайып тұрған. Егерде терезеге үзіп ажыратуды және сындырғанды сезетін датчиктер орнатылғанда, мұндай жағдай болмайтын еді.

— Клиентпен жұмыс — күзет ұйымының ұйыған әрі тізбектелген, жарасымды жалғасқан табысты да кірісті жұмыс-тарының бұрқыраған қайнар көзі, жарқыраған күні болып табылады, — деп баға береді Станислав Фролов. — кей кездері клиент пәтерінде иттері мен мысықтары бар болғандықтан, қозғалыс датчиктерін қондыруға зауқы соқпайды. Әрине, салмағы 25 килограмм тартатын объектілерге әсер етпейтін қозғалыс қадағаларын бар екенін олар естерінен шығармаулары тиіс. Жануарлар еденмен ғана жүретін болса, қадаға қозғалысқа түспейді, егер олар есіктерге немесе терезелерге секіретін болса — қадаға бірден жұмыс істеп кетеді. Ұзын сөздің қысқасы, қозғалыс қадағаларынан түбе-гейлі бас тарту дұрыс шаруа емес. Сондықтан біз мынадай маңызды, керекті ақыл-кеңес береміз: баспанадан шығар кезде жануарларды қадағалар орнатылмаған бөлмеге қамап кеткен абзал. Сонда босқа әуре-сарсаңға салатын жалған сигнал болмайды. 

Объектідегі күзет шаралары

Жоғарыда айтылған күзет жүйесінің үш тетігінен басқа баспаналар мен пәтерлердің «өз алдына беріктілігі» кез келген жан үшін өте қажетті, өте керекті болып есептеледі. Тек қана сигнализацияға немесе тіпті пульттік күзетке иек артып, бітім-болмыспен сену, қол қусырып отыру барлық уақытта дұрыс емес. Сигнализация ащы дауыс шығарып, жұмыс істеген жағдайда, төңіректі шулатқан дабылды дыбыс пультке жеткен кезде, жылдам қабылдау тобы мың жерден тастүйін дайын десек те, діттеген орынға бес-жеті минутта келіп жетеді. Ең қажеттісі — осы уақыт аралығында жалқау, арамтамақ, қаскүнем ұрылар өздерінің арам ойларын түпкілікті жүзеге асыруға үлгермегендері болып табылады.

— Өте маңызды құжат — келісімшартты жасаудың алдында ең алдымен объекті жан-жақты тексеріледі, — деп түсіндіреді «Охранное агентство «САЛЕРС» ЖШС-і пульттік күзетінің бастығы Виктор Шумиленко. — Біз объектіге барамыз, барлық ғимаратты тиянақты жауапкершілікпен тексереміз, терезелердің санына жете назар аударамыз, қосалқы шығатын жердің, қоршаулардың, есікшелердің, терезедегі тор-лардың, темір есіктердің және құлыптардың бар екендігіне бағамдап көз жеткіземіз. Егер объекті техникалық жағынан берік болса, сұмпайы сұғанақ үйге бірден кіре алмайды. Ол қанша жанталасқанымен, бұған көп уақытын жібереді, бұл біздің оқиға орнына үлгеріп жетіп, арамтамақты құрықтауға мүмкіндік жасайды. Егер осынау кезеңде клиентпен тіл табысып, бір шешімге келмесек, онда объектіні күзету жауапкершілігін мойнымызға алмаймыз. Объектіні күзету оп-оңай шаруа емес, «сіздің ақшаңызға бәрін жасауға болады» деген принцип бұл жерде жүрмейді. Клиентке талап қояр кезде біз объектіні беріктендіруге нақты кепілдеме ұсынамыз, мысалы, әйнек бытшыт болып сынып шағынбау үшін терезені тормен қоршауға немесе оны брондалған пленкамен жабуға кеңес береміз.

Өз кезегінде кеңесші Станислав Фролов өз клиенттеріне тыраштанып, шамадан тыс тырысып, ішкі есікті тым берік қылмауға шақырады. істің қисыны бұл жерде өте қарапайым — арамтамақ ұры бірінші есікті ашқанда, сигнализация жұмыс істейді, топ жолға дереу шығады. Ал, екінші есік аса сенімді беріктенуі тиіс. Баукеспе екінші есікпен әуре болып жатқанда, топ келіп үлгереді.

Сонымен қатар өзінің мүддесі үшін клиентке терең ойланып, өз баспанасына қандай сигнализацияны орнату керектігін шешіп, анықтап алғаны абзал. Бүгінгі таңда қауіпсіздік шараларының негізінде күзет фирмалары тоқ өткізітін сымды, прокладкалы кабель (шлейфті қосатын) және тоқ өткізітін сымсыз сигнализация түрлерін ұсынады. Тоқ өткізітін сымды сигнализациямен салыстырғанда, соңғысы үш-төрт есе қымбаттырақ тұрады, бірақ, біріншісі монтаж-дау жағынан да, пайдалану жағынан да біршама айтарлықтай артықшылықтарға ие екенін еске саламыз. Қазіргі дамыған заманда Қазақстанда еселі, елеулі еңбек етіп жатқан пәрменді фирмалар сигнализация жүйесін монтаждаудан оның толық іске кірісуге дейінгі (пульттік күзет) қарқынды қызметтің салмақты спектрін ұсынады, сонымен қатар фирмалар бұнымен ғана шектелмей, бір орнында тоқтамай, күзет сигнализациясын сатуды және монтаждауды жүзеге асырады.

— Егер сіз пульттік күзет қондыруды қалап жоспарла-саңыз, барлық сенімді қызметтер спектрін ұсынатын күзет ұйымына жедел түрде қаймықпай хабарласыңыз, — деп тұщымды кеңес береді Станислав Фролов. — Күзет агенттігі сигнализация жүйесін «өзі үшін» кейін тетіктерден ақау шығып, пайдасыз проблема туындамау мақсатында ыждағаттылықпен тесік-құтығын қалдырмай, тексеріп оңдайды. Біз сенім артқан ақкөңіл клиентке қызметтердің толыққанды пакетін ұсынамыз, яғни, бүкіл жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Сапалы әрі ақаусыз монтаж болашақ пайдалану кезінде проблемалы мәселелердің пайда болмауына септігін тигізіп, кепілдік жасайды, мәселен, кабельде ешқандай айналма болмауы тиіс (егер де провод жетпей қалса, басқа бөлек бөліктері оралады), олай жасалмаса, уақыт өте бара үзіліп-созылып, жұмысқа кедергі тудырады. Мұндай кемшіліктерді түбегейлі жойып, көзін құрту оңай шаруа емес.

Сигнализация жүйесіне тағы бір пайдалы қосымша күш — видеобақылау өте зор қызмет атқарады. Егер де видеокамера дәлізде кіретін есікке қарай бағытталып орнатылса, үйге сындырып, бұзып ену кезінде сұмпайы сұғанақтың бетәлпетін толық көруге мүмкіндік туындайды. Сонымен қатар видеобақылау ұрлық қашан жасалғанын және жылдам қабылдау тобының қай уақытта келгендігін дәл анықтайды. 

Жылдам реакция

Егер күзет ұйымының пультіне дабыл сигналы түскен жағдайда мониторда кірпік ілмей, күндізтүні кезекшілік етуші оператор рация арқылы жедел түрде жылдам қабылдау тобымен байланысады. Кәсіби мамандығын жетік меңгерген оператор дабылды ескермей жіберіп қоюы, өзінің бұлжымас міндеттемелерін орындамауы мүмкін емес. Жан-жақты қамтылған қазіргі заманғы құрал-жабдық бірнеше міндетті істі қатар, әрі сауатты атқара алады — мәселен, алғашқыда монитордың экранында қызыл жарық үздіксіз жанып сөнеді, сонымен бірге дыбыс сигналы түседі, бұдан соң оператор әрекетке көшеді.

Жылдам қабылдау тобы (ЖҚТ) — құрамында күзет ұйымының аш қасқырдай жаланған үш қарулы қызметкері көзді ашып-жұмғанша оқиға орнына шығады. Келісімшарт бойынша олар діттеген жерге 7-9 минуттың ішінде жетулері тиіс, жол жүру уақыты 4-5 минуттан аспауы керек.

— Күзет ұйымын таңдаған кезде мұнда қанша жылдам қабылдау тобының бар екенін білу сіз үшін өте маңызды, — деп келелі кеңес береді Виктор Шумиленко. — ЖҚТ-ның дислокация орнынан алдын ала хабардар болудың да пайдасы шаш етектен. Фирмада ең аз дегенде үш ЖҚТ-ы экипажының жұмыс істеуі де сенім мен үмітті зор ұлғайтады. Біз қазір қаланың барлық аудандарын жан-жақты қамтамасыз етеміз және олардың әрбірінде ЖҚТ-ы қатар қимылдайды. Клиент күзет ұйымын таңдаған кезде ЖҚТ-ның қай жерде орналасқанын, яғни, өз баспанасынан ол алыста немесе жақында екенін білуге толық құқы бар. Бұлай таңдаудың клиентке де, кез келген фирмаға да пайдасы орасан мол. Кезекші мониторда ЖҚТ-ның қайда орналасқанын көре алады. Қай уақытта сигналдың түскенін, көлік қандай жылдамдықпен қозғалғанын және топ объектіге қай шамада жеткенін бағдарлама ыждағаттылықпен нақты анықтап отырады. Мәліметтерді, ақпараттарды жария етуге болмайды, қазіргі заманғы құрал-жабдық сырттан кенеттен жасалатын кедергілердің араласуына мүмкіндік бермейді. Сондықтан барлық жағдай жасалып тұрғанда, егер ЖҚТ-ы оқиға орнына кешігіп жетсе, келісімшартқа сәйкес күзет ұйымы жауапкершілікті өз мойнына алады.

Топ діттеген жерге жетіп, объектіні тексереді, егер мұнда қиратылған болса, оператормен байланысады, ол жедел түрде 102-ні шақырады. Егер пәтерде немесе үйде өртке қарсы сигнализация болса, түтіндегенде ол жұмыс істесе, онда өрт сөндірушілерге хабар беріледі. Егер ЖҚТ-ы есікті ашқан кезде, подъезде немесе үйдің ауласында ұрыларды мүліктерімен қолға түсірсе, күзет ұйымы қызметкерлерінің оларды ұстауға құқы бар.

— Егер баукеспелер ғима-раттың ішінде қалса, біздің пәтерге немесе үйге кіруге құқымыз жоқ, периметрді қор-шап, полицияны шақырамыз, — дейді Станислав Фролов.

Сабырлылық маңызы

Сигнализацияның тоқ өткізетін сым жүйесінің монтажын клиент үш тетікпен жасайды, егер ол үш немесе екі бөлмелі пәтердің иесі болса, 50-150 мың теңгеден келеді. Ал, жеке үйлердің қай жағынан да көлемі үлкен болғандықтан, оның бағасы да жоғарылайды.

Пульттік сигнализацияының құрал-жабдықтары мен монтаждық жұмыстарының төлемімен қоса, абоненттік, яғни, күзет үшін айлық ақы төленеді. Астана мен Қарағандыдағы күзет ұйымдарының абоненттік төлем құнының айырмашылығы айтарлықтай көп емес.

— Абоненттік төлем біздің компанияда пәтерлер үшін айына 4 000, ал, жеке үйлер үшін айына 5 000, — дейді Станислав Фролов. — Сонымен қатар біз күзетілетін мүліктің бағасынан 0,2% аламыз, бұл сомаға абоненттік төлем қосылады. Егер клиент өз мүлкін 500 мың теңгеге бағаласа, 0,2% бұл сомадан бір мың теңге құрайды. Осылайша клиент айына пәтер үшін 5 мың теңге төлейді. Ол мүліктерін өзі бағалайды. Құнды өсірудің ешқандай қисыны жоқ.

Егер клиент мүлкінен айырылып қалса, яғни, үйінде ұрлық болса, жедел қабылдау тобы оқиға болған орынға уақытылы келмеген жағдайда ғана күзет ұйымы залалдың орнын толтырады.

— Егер келісім міндеттемелері бұзылса, біз нақты құнды төлеп, материалды залалды орнына келтіреміз, — деп түсіндіреді Станислав Фролов. — Егер, мысалы, ноутбук ұрланса, ноутбуктың құнын төлейміз. Келісімшартта көрсетілгендей, мүлік бағасынан жоғары сома, компенсация төленбейді. Біз бағалы заттарды банкте немесе сейфте сақтауды ұсынамыз, сейф еденге дәнекерленуі тиіс. Егер сейф жан-жақты бекітілмесе, біз уақытылы келгенде, жауапкершілікті мойнымызға алмаймыз. Сейфті баукеспе екі минутта терезеден лақтырады, серігі оны алады, ұрылар аз уақытта көлікпен зуылдап ізін жасырады. Топ мұндай жағдайда діттеген жерге уақытылы келгенімен, оларды ұстай алмай қалады. Осынау барлық нюанстар келісімшартта жазылған. Немесе, мысалы, бриллиантты әшекейлеріңізді алып, трюмоға қалдырып кеттіңіз дейік. Ұрылар пәтерге еніп, бұл әшекейлерді қалталарына салып, зым-зия жоқ болады. Мұндай жағдайда біз уақытысында келсек, өз міндеттемемізді орындасақ, бірақ, баукеспелерді ұстай алмай қалсақ, бағалы заттар үшін жауап бермейміз. Біз материалдық жауапкершілікті мерзімінде келмеген сәтте өз мойнымызға аламыз. Сондықтан клиент ұры есік пен сейфті бұзуға көп уақыты жұмсауы үшін объекті қорғанысын күшейтуі қажет. Бірде топ объектіге асығып келе жатып, жол-көлік оқиғасына кез болып, діттеген жерге уақытысында жете алмады. 106 мың теңге залалдың орнын біз бір айда толтырдық, клиент әлі бізбен жұмыс істеп жатыр. Клиент күзет ұйымын таңдаған кезде фирманың за-лалдың орнын толтыра алатынына көңіл аударуы тиіс. Негізі фирманың материалдық базасы бірден емес, жылдар бойы қалыптасады. 

Полиция бөлімінде ұрланған заттар мен залал көлемінің тізі-мі жасалады.

— Біздің агенттік клиенттерге өз мүліктерін бағалауды ұсынбайды, — деп түсіндіреді Виктор Шумиленко. — Бізде бұл туралы өз саясатмыз бар, біз үшінші тұлғаның алдында өз жауапкершілігімізді сақтанды-рамыз, сақтандыру компаниясына хабарласа отырып, клиенттің алдында он миллион теңге көлемінде жауапкершілікті мойнымызға аламыз. Жеке үйлер мен пәтерлерді күзет-тіруге тұтыну мүддесі өсіп отыр, біз осы тенденцияны төмен-детпеуге барымызды саламыз. Әрбір клиентпен жеке-жеке байланысамыз, қызметке төлем-ақының жеңілдетілгенін, яғни, үш айдан алты айға дейін кейін төлеуді ұсынамыз. 

Сигнализация жүйесі техни-калық қызмет жасауды талап етеді, ол ай сайын немесе тоқсан сайын жүргізіледі және оған клиент айына жеке төлем жасайды. Техникалық қамтамасыз етуші құрал-жабдықтың көлеміне қа-рай оның құны орташа 1 мың теңгеден 5 мың теңгеге дейін барады.

Гайдар Нұрмагамбетов, полиция полковнигі, Қарағанды облыстық ІІД-і МҚКБ-нің бастығы:

« — Егер «Ғимаратқа сигнализация жүйесін қою керек пе, керек емес пе?» — деген сұрақ туындаса, оған жауап дайын. «Иә!» Былтыр орталықтандырылған бақылау пульті арқылы объектілердегі ұрлыққа байланысты 12 қылмыс анықталды. Ал, жеке күзеттің құзырындағы объектілерде 64 қылмыстың беті ашылды. Жалпы қылмыс санынан 0,5%-ды құрайды. Мысал келтірсек, бірталай ұры-қарылар сәтсіздіктерге ұшырады, өткен жылы пульттік күзеттің арқасында Лобода көшесінде орналасқан пәтерді тонағандар көзді ашып-жұмғанша қолға түсті. Тарқатып айтсақ, сұғанақтар есікті ашып, пәтерге кіргенде, оларды жылдам реттеу Тобы «құшақ жая» күтіп алды. Қолдарына кісен салынған мұндағы жігіттер «Біз ешқандай ұрылар емеспіз, құрылысшылар бригадасымыз», — деп күзет агенттігінің қызметкерлерін сендіруге тырысты. Пәтер қожайынының оларды жөндеу жасауға жалдағанын тілге тиек етті. Әрине, бұл ақпарат дереу тексерілді, қылмыскерлер ұсталды. Егер аталмыш баспанада пульттік сигнализация болмағанда, барлығы қайғылы аяқталатын еді.

— Өз жұмыстары мен қызметтерін сапалы істеуде күзет ұйымдарына МҚКБ-і тарапынан қандай қолдау көрсетіледі?

— ГБР дабыл қағылып, белгі берілгенде, 5-7 минуттің ішінде діттеген орынға жетіп келуге міндетті. Бірақ, бәрі ойлағандай бола бермейді – жолда кептелістер кедергі жасайды, жол полициясы тоқтатуы мүмкін. Бұл проблеманы шештік, заңдастырдық. Жақын уақытта ГБР-дің машиналары жарқыраған жарықшамен жүреді. Осындай әрекет қылмысты толықтай тұзақтауы мүмкін емес, бірақ, оны азайтуға септігін тигізеді.

Ұрыларға қарсы әдістер

  1. Құлыпты темір есіктер, сенімділік құпиясы.
  2. Балконның, терезенің торлары.
  3. Күзет дабылдамасы.
  4. Кіреберіс есіктегі кодты құлып және видеобақылау.
  5. Күзетке вахтерларды тарту, қоғамшылдар тобы (бірінші қабатта, және бөлінген бөлмеде болады).
  6. Күзет фирмаларымен ынтымақтастық.
  7. Үйді немесе пәтерді қараусыз қалдырмау.
  8. Күзет иттерін ұстау.

Фото: sselbrus.ru

Kn.kz Ақпарат қызметі

kn.kz
>
Статьи