Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

«Коллекторлық компаниялардан қорқудың қажеті жоқ»

Коллекторлық компания — кейбір қарызгерлермен кездесіп қалатын тағы бір құрылым. Мұндай компания Қазақстанда бірінші рет 7 жыл бұрын пайда болды. Коллекторлар азаматтарға немесе мекемелерге қарыздарын қайтарып беру үшін қызмет жасайды.

Банктер коллекторларға көбіне кепілсіз несиелер бойынша істі береді. Компанияның басшылары мен қызметкерлері негізінен банкте немесе құқық қорғау органдарында бұрын жұмыс жасағандар болып табылады. Коллекторлардың құзырына қарызгерлерді іздеу,нақты соманы төлету мақсатындағы келісімге қол жеткізу, қажет болған жағдайда кредитордың атынан сотқа жүгіну әрекеттері кіреді. Компания алдын ала төлем алмайды, қайтқан қарыздан пайыз түрінде сыйақыға иелік етеді. Кейде компания қызметкерлері өсімақы мен айыппұлды жұмсарту үшін клиент пен банктің арасындағы келісімге делдал болады.

Ірі коллекторлық компаниялар өз қызметтерін реттеп отыратын заңнамалық базаның жоқтығын ең басты проблема деп санайды. Олардың қызметіне лицензия берілмейді, сондықтан қарыздарды жинау барысында кез келген талапкер компанияны тіркей алады. 

Бұрынғы коллектор, қазіргі Қазақстан кәсіпкерлері ассоциациясының директоры Ермек Абильдин:

— Біз көп банктермен бірлесе жұмыс істедік. Шынын айтқанда, дағдарысқа төтеп бере алмағандарға қиын болды. Олардың көбісі әйелдер, қарапайым жұмысшылар еді. Әрі қарай мен ассоциацияда, коллекторлық компанияда қатар еңбек ете алмадым, — дейді.

Қарызгерлер арасында төлемді әдейі төлемейтіндер кездеседі. Мысалы, олар біреудің атына жазылған бизнесі барлар. Мұндай қарызгерлердің соңғы үлгідегі көліктері болса да, олардың арнайы көлемді табыстары болмайды. Ассоциация мұндай жағдайда төле-мейтіндерді қоғамдық еңбекке тартуды ұсынды.

— Осындай ұсыныспен біз Парламент Мәжілісіне шықтық. Олар ауланы тазартады, қарды жинайды. Сол үшін мемлекет оларға ақша төлейді, қарызгерлер сонымен несие берешегін жабады. Бізде жұмыс қолы жетпей жатқан жоқ па? Айналысатын іс таба алмағанға көмектесу қажет. Сонда ашулы төлемеушіде табыс көзі пайда болады. 

Бастысы ашулы кісілердің кесірі адал қарызгерлерге тимеулері тиіс. Ақырғы айтылған адамдардың ұйымдастыруымен кейбір коллекторлардың абырой төгетін тұрпайы әрекеттеріне байланысты БАҚ-та арыздар жарияланды және Алматыда митингі өтті.

Қазақстанда өркениетті нарыққа қызмет көрсетуді дамыту мақсатында 2008 жылы кейбір коллекторлық компаниялар Ассоциация құрды. Серіктестері мен қарызгерлерді тәртіп бұзушылықтан қорғау, заң мен үкіметтік бағдарламаларды қалыптастыруға қатысу олардың негізгі мақсаты болды.

Заңнама базасының қалыптасуы коллекторлар әрекет етеалатын құқық рамкаларын анықтауға, қарызгерлерге ықпал жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, кейбір елдерде несиесін төлей алмағандар шетелге шыға алмайды.

— Коллекторлар 90-жылдардағыдай күйде, — дейді Ермек Абильдин, — біз бір нәрседен қауіптенеміз: бізге телефон шалады, қорқытады. Ал, өз кезегінде коллекторлық компаниялардан үркудің қажеті жоқ. Жағдайды түсіндіріп, қарызды қайтарған абзал. Әрине, коллектор тек ақшаны «алып беруші» емес, адамды жанжақты ұғынатын психолог болуы тиіс.

Kn.kz Ақпарат қызметі

kn.kz
>
Статьи