Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Тұрғын үйді иелену үшін қандай мамандықты таңдау керек?

Жекеменшік пәтер туралы көпшілік армандайды. Тұрғын үйді иелену үшін болашақта мамандық таңдауда жастар тек диплом алғаннан кейін немесе жұмысқа орналасарда ойланады.

Осы мақсатта олар өзі өміріне байланысты  саладағы жалақыны сұрамайды.

Барлық студенттердің жұмысқа тұруға және жылжымайтын мүлікке ақша жинауға мүмкіндіктері бола бермейтіні түсінікті жәйт. Олардың көпшілігі ата-аналарының, мемлекеттің көмегіне немесе сәтті некеге арқа сүйейді.

Мамандықтары мен факультеттері әр түрлі бес студент «Недвижимость» газетіне  келешек жоспарлары туралы — қайда жұмыс істегілері келетінін және жекеменшік тұрғын үйді қалай сатып алатындықтарын ашып айтты. Біз олардың ойларының жүзеге асуы қаншалықты шынайы екеніне және қанша уақыт керек екеніне талдау жасадық.

Әли Өкенов, Л. Н. Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университеттің 3 курс студенті, болашақ дінтанушы

Университеттен кейін:

Жоғары оқу орнына түспестен бұрын дін туралы білдім және Евразиялық университетте мұндай мамандыққа оқылатынын ұқтым.  Әлеуметтік ғылымнан дәріс алуға бекіндім.

Қазір баспана туралы ойланбаппын. Университетті бітірген соң, оқуды әрі қарай жалғастырғым келеді, немесе мамандық бойынша жұмыс істесем деймін. Мәселен, мемлекеттік қызметте, алайда, ол негізінде емес.

Жоспарлар:

Жұмыс орныма жақын маңнан пәтер алғанды қалаймын. Жаңа құрылыстан болса, тіпті, жақсы.  Астананың аты Астана — үлкен қала, кептелістер көп, діттеген жерге тез жетер едім. Сапасы оңды болмағанмен, мұнда пәтерлер жылдам салынып жатыр. Жұмысқа орналасқанда кейде үй беріледі, алайда, бұндай жағдай сирек кездеседі. Алғашында пәтерді жалға алып тұрамын, әлі жаспын ғой, сосын ақша жинап көремін. Қартайған шақта ауылға барсам деймін, жеке үйім болса, мал ұстар едім.

Қаржы туралы:

Басында жалақым 60 мыңнан жоғары болса. Сосын 200 мың теңгеге дейін еңбек етекім келеді.

Редакцияның есебі бойынша:

Әли Өкенов үшін біз Астананың сол жағалауындағы «Лазурный квартал» жаңа тұрғын үй кешенінен екі бөлмелі пәтер қарастырдық. Үйдің бағасы 120 мың доллар екен (18 миллион теңгеден астам). 60 000 теңге жалақымен пәтерге ие болу үшін 25 жыл керек екен. Онда да Али тапқан ақшасын тек пәтер алуға жинағанда мақсатына жетеді.

Қорытынды:

Нақты емес.

Евгения Соболева, Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің 2 курс студенті, болашақ экономист

Университеттен кейін:

—Мектепті бітіргенге дейін мен қыстақта тұрдым. Менің арманым қалада тұру, жұмыс істеу және білім алу еді. Оқуды аяқтағасын Қарағандыға жұмыс іздеп келдім. Міне, сегізінші жыл «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-да еңбек етемін. Сүйікті мекемемде карьерлік сатыда көтерілсем деймін және үлкен жалақы алғым келеді.

Жоспарлар:

Бұрын армандап жүрген жекеменшік пәтерімді сатып алуды армандаймын. Қазір қалада тұрғаныма 11 жыл болды, әлі үйді жалға алып тұрамын, өз баспанама ие болуға шамам жоқ. Қарағанды қаласының тәуір ауданынан бір бөлмелі немесе екі бөлмелі пәтер сатып алғанды қалаймын.

Қаржы туралы:

Евгения жалақысы  туралы айтқысы келмеді. Оның ойынша бұл ақпаратты таратуға болмайды. Бірақ, «АрселорМиттал Темиртау» компаниясының мәліметі бойынша оның мекемесіндегі өткен жылғы орташа жалақы 89 670 теңгеден 157 615 теңгені құрайды екен. Қарапайым мамандық иелерінің айлығы төмен екен.

Редакцияның есебі бойынша:

Евгения үшін Әбдіров көшесінен бір бөлмелі пәтер таптық. Оның бағасы 40 000 доллар (6 млн. теңгеден аса). Егер бикеш айына 120 мың теңге айлық алса, оның жартысын пәтер сатып алуға жинаса, сегіз жыл үш айдан соң, қоныс тойын жасар еді. Бірақ, университетті бітіргенше, оның жалақысы өзгермесе, керекті соманы жинауға уақыт тіпті көп кетеді.

Қорытынды:

Орындалуы қиын.

Бақытбек Қуандықов, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 3 курс студенті, келешек инженер

Университеттен кейін:

Аграрлық секторда мен инженер боламын. Біздің  жанұяда жекеменшік шаруа-шылығымыз бар, ол істі жалғастырғым келеді. Басқа мамандыққа қарағанда бұл сала маған таныс. Қалай диплом қолыма тиеді, «КазАгро» холдингінде немесе сервистік орталықтарда, мысалы, «Евразия Групп» болмаса «Астана Моторста» өз мамандығым бойынша жұмысты бастаймын.

Жоспарлар:

Астанадан миниум екі бөлмелі пәтер алғым келеді. Үйді жаңа құрылыстан алғанды қалаймын, бірақ, ондағылардың сапасы төмен. Ал, кеңес үйлерінің шаршысы кішкентай. Мен әлі таңдау жасаған жоқпын.

Бүгінде мен және ата-аналарым «Жилстройсбербанктен» есепшот аштық. Осы жылы ақша жинауды бастадық, қателеспесем, 2015 жылға дейін осылай жасаймыз. Бос уақытымда қаражат табамын. Тұрғын үйді сатып алу үшін жарты соманы жинасақ, қалғанына 3 немесе 2 пайызбен несие аламыз. Біз 8 миллиондай теңге жинауымыз керек.

Мүмкіндігім аз болса да, «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» жастар үшін мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуды ойлаймын.

Қаржы туралы:

Бастапқы жалақым 80-90 мың теңге болса. Бәрібір университетті бітірген соң, алғашқы бес жыл жас маманға  пәтер үшін ақша жинау мүмкін емес деп есептеймін.

Редакцияның есебі бойынша:

«Жилстройсбербанкте» ақша жинауға ең аз мерзім 3-3,5 жыл болады. Таңдалған тариф бағдарламасына байланысты займды ұсыну мерзімі 6 жылдан 25 жылға дейін. Тұрғын үй займы бойынша  сыйақы мөлшерлемесі өте тартымды: жылдық өлшемі 3,5 % және 5 %, займ бойынша сыйақының тиімді жылдық мөлшерлемесі 3,6% -ды және 5,3%-ды құрайды.

Бақытбек үш жылда 8 миллион теңге жинау керек екенін айтады. 80 мың теңге ай сайынғы жалақымен мақсатқа жету ауыр. 

Қорытынды:

Орындалуы қиын.

Шахноза Нажмудинова, Астанадағы Медициналық университеттің студенті, болашақ дәрігер-ревматолог

Университеттен кейін:

Біздің үйде бәрі дәрігерлер, олардың қалай жұмыс істейтіндіктерін және өз мамандықтарын беріле сүйетіндіктерін көріп өстім, сондықтан мен де осы жолды таңдадым. Маған адамдарға көмектескен ұнайды. Жарты жылдан соң, диплом аламын.

Жоспарлар:

Тұрғын үй — өте күрделі проблема. Өзім Таразданмын, қазір қыздармен жалға алған пәтерде тұрамыз. Астанада қалғым келеді. «Евразия» ауданы және «Хайвил» тұрғын кешені маған ұнайды, осында үй сатып алсам қатып кетер еді. Таразбен салыстырғанда, Астанада баға тым жоғары. Қазір «Жилстройсбербанкке» немесе арендалық тұрғын үйге құжат жолдасам деп едім. Ипотекалық несие — екі еселенген төлем, біздің жалақыға олар несие бермейді-ау! Ата-анама үміт артамын.

Қаржы туралы:

Мен Астанадағы травматологиялық институтта жұмыс істегім келеді. Бұл аурухана жан-жақты жабдықталған. Мұнда ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Бірақ, жалақы көп емес — 40 мың теңге.

Редакцияның есебі бойынша:

«Хайвил» тұрғын үй кешенінде екі бөлмелі пәтердің құны 200 мың доллар тұрады. «Евразия» сауда үйінің ауданында екі бөлмелі баспананың бағасы 70 мың доллардан әрі қарай жалғасады. Астанада 40 мың теңгеге өмір сүру оңай емес, оның үстіне Шахнозе жалға алған пәтерге ақы төлейді. Жекеменшік үйге ақша жинауға оның мүмкіндігі жоқ.

Қорытынды:

Орындалуы қиын.

Арсен Булеков, Қазақстан-Британдық техникалық университеттің 4 курс студенті, болашақ мұнайгаз саласының менеджері

Университеттен кейін:

— Мен шетелде немесе Батыс Қазақстанда жұмыс істей аламын. Мұнайгаз саласында операторлық және сервистік компаниялар бар.  Алдымен Қазақстандағы алдыңғы қатарлы ұжымдардың бірінде бағымды сынаймын. Әуелі тәжірибе жинақтағанша, карьераны сервистік компанияда бастасам... Онда операторлық қызметтегімен салыстырғанда, жалақысы аздау болады. Орташа 220-250 мың теңге. Бәрі сегментке байланысты.

Жоспарлар:

Мен жылжымайтын мүлікті курорттық аймақтан сатып алғым келеді. Мәселен, Бурабайдан немесе Ақтаудан. Мүмкін, шетелден.

Қаржы туралы:

Оқуды біткесін, мен шамамен 200 мың теңге табамын. Мұнайгаз компанияларда әлеуметтік жағынан мықты қолдау жасайды, үй береді, төлемді өздері төлейді. Мен Қарағандыданмын, вахталық әдіспен жұмыс істеуге әзірмін. Жанұямның пәтері бар. Тұрғын үйді сатып алу үшін жылдар керек. Мұның бәрі адамның өзіне байланысты, мәселе мақсат қоя білуіміз қажет.

Редакцияның есебі бойынша:

Ақтаудағы кеңес тұсында салынған екі бөлмелі пәтердің бағасы 70 мың доллардан (10 млн 535 мың теңге) басталады. Жалақысының жартысын жинақтағанда, Арсен 9 жылда тұрғын үй сатып алады. Бурабайдағы екі бөлмелі баспананың құны 40 мың долларды (6 млн теңгеден артық) құрайды. Егер айына 100 мың теңгеден жинаса, Арсен арманына бес жылда жетеді.

Қорытынды:

Мүмкін, бірақ тез емес.

Студенттердің тілектері мен шамаларын талдай отырып, біз жекеменшік тұрғын үйді иеленуге болашақ нефтяник Арсен Булековтың мүмкіндігі мол екенін аңғардық. Оның пікірінше, ол карьерасын бастамақшы компания қызметкерлерін үймен қамтамасыз етеді екен.

Студенттердің бірде-бірі ипотека бойынша баспанаға ие болу туралы ештеңе айтпады. Банкке артық төлем мен бастапқы жарнаға жастар назар аударған жоқ. Сұрау салғандардың ішінен біреуі ғана шетелден үй сатып алуға мүмкіндігі барын айтты.

Ой-пікір

Айжан Мыңбаева, ForsageRealtGroup жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры:

«Астанадағы эконом-класты тұрғын үй сатып алушылардың арасында да жастар көп емес. Олар негізінен «Казахмыс», «Казахалтын» компанияларында және тағы басқа концерндерде халықаралық сферада жұмыс істейтіндер. Үш бөлмелі пәтерлерді көбірек сатып алады. Алаңы орташа 80 шаршыны құрайды. Олар несиеге ұрынбайды, өз ақшаларын жұмсайды. 

Біз өз жұмысымызға талдау жүргіздік, қазіргі таңда жастардың 20%-ның жеке пәтер сатып алуға мүмкіндіктері бар екен. 21-ден 27 жас аралығындағы адамдарда қаржылық тұрақсыздық жиірек кездеседі. 

Бүгінде жоғары оқу орнын бітіргендердің барлығы кейін пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін жоғары жалақы төлейтін жұмысты таба алмайды. Мәртебелі мамандыққа оқып жатқан студенттер болашақта сұранысқа ие боларларына сенімсіз. Сондықтан жастардың 80%-ы оқу бітірген соң, өз мамандықтары бойынша жұмыс істемейді. Тұрғылықты мекенін қамтамасыз ету мақсатында олар өздеріне таныс емес жеке кәсіпкерлікпен шұғылданады. Онда жалақы тұрақсыз болады.

Сонымен қатар қазақстандық жастардың тағы бір мәселесі ипотекалық несиелеудің жоғары пайызы. Егер банктегі пайыздық ставкалар төмендесе, жеткіншектер жылжымайтын мүлікті көбірек сатып алар еді.  Олар мемлекет араласпаса, өз беттерінше пәтер сатып ала алмайды.

Қазіргі таңда еліміздің тұрғындарының мүмкіндіктері мен потенциалын кеңейтетін, шетелдік инвестицияларға жол ашатын техникалық мамандықтар мол сұранысқа ие. Машина құрастыру саласындағы және жаңа технологияларды өмірге енгізудегі кәсіби шеберлер жоғары бағаланады, өйткені, олар Қазақстан экономикасының жан-жақты дамуына зор үлес қосады.

Фото: beauty-frutti.com

Kn.kz Ақпарат қызметі

Қазақстандағы ең көп жалақы және ең төмен жалақы төленетін мамандықтардың рейтингі

Қазақстандағы ең көп жалақы мамандықтар тізімінде ұзақ жылдар бойы қазба байлық саласы біріншілікте оқ бойы алда келе жатыр.

Мұнайгаз саласындағы орташа айлық жалақы төлемінің белгіле-месі — 197 926 теңге, жоғарысы — 3 281 643 теңге. Алайда осынау аты шулы саланы жан-жақты меңгерген кәсіби кісілерге және оқу ордасын тәмәмдаған шәкірттерге жұмыс орнын табу қиынның қиыны. Бір бос орынға мұнайшылардан сабаудай 6 түйіндеме келеді. Аталған саладағы маман иелеріне бүгінде қазақстандық еңбек нарығы аузы-мұрнынан шыққанша лықа толы.

Мәртебелі екінші орынды бизнес-консалтинг алады. Қазақстандағы бизнес-кеңес берушінің орташа жалақысы 143 331 теңгені құрайды, ең жоғарысы — 1 085 441 теңге. Бұл мамандықты игергендерге тым мол жалақы төленумен қатар олар жан-жақты сұранысқа да ие. Қазақстандағы әрбір жұмыс берушіге 1-4 іздеуші-кеңес берушіден келеді, бұл нарық үшін қалыпты «жұмысшы» белгілеме болып есептеледі.

Бұдан соң, үшінші межені біздің кең байтақ республикамызда «мәңгілік әйгілі» юрист мамандығы сенімді еншілеп отыр. Қазақстандық құқықтанушының орташа жалақысы — 123 704 теңге, өте жетік, білікті, майталман мамандікі — 519 557 теңге. HR-зерттеу мәліметіне сәйкес, аталған атақты салада аса қарқынды емес, бірақ, әжептәуір, өсу байқалады. 2009 жылы бұл көрсеткіштер 120 800 және 448 000 теңгені құрады.

Рейтингтің төртінші салиқалы сатысын ақпараттық технология мен телекоммуникация саласындағы мамандар иемденген. Осынау сферадағы орташа жалақы — 118 755 теңге, ең жоғарысы — 501 659 теңге. Қазақстандағы Headhunter компаниясы тобының тұщымды зерттеуі 2009 жылы IT-маманының орташа жалақысы біздің республикамызда 150-200 мың теңге болғандығын көрсетеді. Ащы да болса, шыңғырған шындықты айту керек, аталған қызмет түрінің әйгілілігінің төмен түсуінің ауылы алыс емес сияқты, өйткені, тенденцияның құлдырауы бүгінде сезіледі. 

PR және жарнама, маркетинг бойынша мамандар рейтингтің ең соңғы тұғырына тұрақтаған. Бұл мамандықтың өкілдерінің орташа айлық жалақысы — 108 857 теңге, жоғарысы — 716 656 теңге. HR-мамандарының айтуынша, аталған мамандық «тұқылдан туып дамыған», ол көптеген отандық компаниялардың дағдарыспен табысты күресінің қуатты толқынында. Сатудың өсуі өзінің соңынан тиімді маркетингтер пен коммуникациялардағы қажеттілікті ертіп байқатты, және
осынау профильдегі майталман мамандарға жұмыс берушілердің арасында мол сұраныс байқалады.  Headhunter Kazakhstan-тің мәлі-меттері бойынша, 2010 жылғы сәуірде осы облыстағы бос орынның өсуі өткен жылмен салыстырғанда рекордтық көрсеткішке жетті, яғни, ол 308%-ды құрады.

Банкирлер мен құрылысшылар  үстіміздегі жылы ең жоғары жалақы төленетін мамандықтардың ша-ңына ілесе алмай, соңында қалып қойды.  Олар осыдан бір жыл бұрын алғашқы бес көшбасшының қатарында болған. «Егер бұрын отандық жоғары оқу орындары сенімді ақтамаған көптеген  юристер мен экономистерді тәрбиелеп шығаратын, ал, бүгінде жағдай басқаша, Қазақстанда білікті құрылысшыларды қанаттандыру етек алуда.  Бұл сала толық дағдарыс тығырығынан шығып болған жоқ, бірақ, абитуриенттер әлі күнге осы мамандықты игеруге тынымсыз ұмтылу үстінде. Қазіргі таңда байланысшылар мен IT-мамандарына толымды дәріс беріліп, жан-жақты көңіл бөлініп жатыр. Жаңа құрылымға білім беруге және көбеюді бақылауға нарық үлгермеуде. Күн сайын дамып жатқан экономика саласына талантты мамандар қажет-ақ, сонымен қатар, мысалы, сан жағына баспаханалық іске және вагон құрастыруға тым шектеу қойылған. Мұндай мамандықтар бойынша оқу орнына абитуриенттер аз қабылданады, дүмпу, қарқын көп болмағандықтан, нарықта да ол төмен, — деп түсіндіреді ҚР ЖОО-ы  Ассоциациясының президенті Рахман Алшанов.

Ең төмен жалақы төленетін мамандықтардың қатарына ең
зәру ондыққа енетін, респуб-ликамыздағы ең сұранысқа ие кәсіп иелерінің бар екені көрер көзге, ұғынар басқа күлкілі көрінеді. Жасырмай, түсін түстеп, атап айтсақ, бұлар денсаулық сақтау қызметкерлеріне қатысты. Мәселенкі, біздің дархан елімізде дәрі даярлаушылар мен емдеуші дәрігерлер сұранысына ұсыныстар көп, оларды кейде шамамен іздеп таба алмайсыз. Соған қарамастан  медицина бірнеше жыл бойы ең төмен жалақы төленетін салалардың, қатарында басы салбырап келеді. Дәрігерлердің орташа айлық жалақысы бар болғаны 43 066 теңгені құрайды.

www.today.kz

kn.kz
>
Статьи