«ЭКСПО-2017» бүкіләлемдік көрмеге дайындық Астанада қарқынды жүргізілуде. Бұл іс-шараны биік дәрежеде өткізу үшін жақында «Астана «ЭКСПО-2017» арнайы ұлттық компанияны құру мәселесі шешілді.
Көрме дайындығына жұмыс істейтін мәлімет тізім үйлесімділігін тиімді қамтамасыз ету үшін штат іріктеліп, жоспар пысықталуда. Ұлттық серіктестіктен басқа «ЭКСПО-ны» арнайы қолдау қоры мен әкімдік те игілікке өз үлестерін қосып жатыр. 2014 жылдың басында көрмелік қалашықтың жобалауымен осы жыл бойы өтетін арнайы тендердің жеңімпаздары шұғылданады. Олар соңында қалашықтың сәулеттік сұлулығының шебер-жоспарын әзірлейді.
Белгілі болғандай, 2017 жылы Астанада «ЭКСПО» көрмесі өтеді, модель әрдайымға емес, маусымдық үлгіге есептелген, мысалға бұл бұрын Шанхайда ұйымдастырылған. Онда көр-менің есігі әрқашан келушілерге айқара ашық және елге мил-лиондаған туристерді тартады, қаланың халықаралық дәрежесін көтереді. Қазақстандық астана қабылдаған формат уақытша, сондықтан қысқа жаздық маусымда келетін 5 миллион адамды жоғары жауапкершілікпен қарсы алуға күш салыну қажет. Көрме бюджеті өте қомақты, ол 1,5 миллиард долларға бағаланып отыр. Бірақ, глобалды іс-шараның нақты бағасы жылдың соңында барлығы есептелгеннен кейін анықталады.
Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, www.vlast.kz веб-сайтының мәліметі бойынша, барлық маусымдық «ЭКСПО» сәтті аяқталмаған. Мәселен, Ганноверде 2000 жылы өткізілген көрме туристердің көңілін қана-ғаттандырмаған және олар ай-тарлықтай шығынға ұшыраған. Ұйымдастырушылар мұнда билет құнын түсіруге мәжбүр болған және көптеген салынған павильондар ақырында қиратылған.
Ал, Лиссабонда 1998 жылы өткізілген көрме зор табыс алып келді, оны 11 миллион көрер-мен тамашалады, барлық инфрақұрылым — павильондар, көрмелік алаңдар әлі күнге пайда әкелуде. Келушісі көп тағы бір кәрістің Ёсу қаласындағы 2012 жылғы көрме арқылы үмітті ақтап, жаңартылған инфрақұрылым алынды және бұл елдің басқа аймақтарына көлік жолдары ашылды, қысқасы, оларды бүкіләлемдік іс-шара зор олжаға кенелтті.
Астананың көлік және орналасу мүмкіндіктерін ескере отырып, Көкшетауда, Алматыда және Қарағандыда келуші туристерге жолшыбай қызмет атқара алатын варианттар бар. Соңғы кездері көлік және коммуникация Министрлігінде көп айтылып жүрген Қарағанды-Астана төртжолақты жол салынуы ықтимал. Сонымен қатар Алматы туристер жиналатын мекенге айналуы мүмкін, уақытша «Эйр Астанаға» салмақ түскенде, чартерлік рейстер іске қосылады. Астана әкімдігі бірнеше жылдан соң, астананың әуе қақпасы 5 миллион адамды еркін қабылдайтынына уәде береді. Теміржол арқылы саяхаттаушы қонақтарды мол қабылдау үшін астананың сол жағалауынан теміржол терминалы салынады.
Бурабай курортын толығымен өзгерту жоспарланып отыр, одан туристік серіктес көрме жасалынады. Су қоймалары тазартылады, туристер тұратын қалашықтар үшін қонақ үй кешендері тұрғызылады. Ақмола облысында трамплин кешенімен шаңғы базасы, бірнеше этноауылдар орнатылмақшы. Этнографиялық ауыл жергілікті тұрғындар мен фермерлерді экономикалық жағынан қолдауға таптырмайтын құрал, негізі аграрлық туризм көптеген елдердің ауылшаруашылығының қарқынды дамуына мұрындық болған. Осындай тартымды жер Қорғалжын қорығы болмақ, онда туристерді қарсы алуға қолайлы табиғи аймақтың микроклиматы сақталған.
Бүгінде қаланың өзінде қонақ үй нарығы шарықтау шегіне жетіп тұрса да, Астана агломерациясында ғана емес, оның «бағы жанады». Бірақ, қалалық әкімдердің бекітуімен күйлі туристердің жайлы тұруы үшін қосымша қонақүйлер салынады «Хилтон», «Мэриот», «Ритц-Карлтон», «Фор Сизонс» сияқты. Осындай құрылыстарды салу үлкен кешенді құрылыстардан тәжірибесі бар ірі-ірі қазақстандық бизнесмендерге тапсырылған.
Бұдан басқа әкімдіктің болжамы бойынша Астананың сәулеттік көрінісі қазірде бар опера и балет театрымен, кітапханамен және президент қоры тәрізді ғажайыптармен толығады. Сонымен қатар құрылысы бірнеше жылдан бері жүріп келе жатқан «Абу-Даби Плаза» көпфункционалды кешен іске қосылмақшы. Тағы бір қызығы, осындай коммерциялық құрылыстардан басқа мұздан сарай және жекпе-жек кешені тұрғызылады.
Астана төңірегінен шамамен 100 гектар жер бөлінеді, 97 павильон кіретін ЭКСПО-қалашық бой түзейді. Ел басшысы белгіленген аймаққа байланысты түрлі айлаларға тыйым салды, бұл тапсырма құрылысқа арналған бюджеттік қаражат арқылы жүзеге асады. Қазір сатып алуға бұрын саябақ болған 200-250 жер участкелері ұсынылып отыр. Әкімдіктің қолдауымен «ЭКСПО»-ға байланысты алынған жерге байланысты кадастрлық бағада проблема болмауы тиіс.
«ЭКСПО» алдында қаланың ажарын Есіл өзенінің екі жағындағы жаңа аллеяларды, бульварлар мен саябақтарды құрайтын ботаникалық бақ болатынына қалалық өкімет уәде береді. Бұл әрекет Астанада күн сайын көбейіп жатқан көліктердің кесірінен тұрғындардың тұншығуынан сақтайды.
Сонымен қатар жасыл орам мен жабық қалашық салу туралы пікір естілді, олар көрме кезінде және кейін астаналықтарға қызмет жасайды. Бұл іс-шара ұйымдастырушыларының пайдалы шешімі деп есептейміз. Қуанышты және күтілген айтулы оқиға астана тұрғындары үшін 50 балабақша мен 30 мектеп, қосымша медициналық кешендер үлкен сый болмақ, әкімдіктегілер бұлардың алдағы уақытта жүзеге асатынына сенім білдірді.
«ЭКСПО» көрмелік қалашыққа байланыс көшелерінің өмірге келетінін атап өтуге тұрарлық. 17-шақырымдық кіші сақина жолдарын салу жоспарланып отыр, қаланың проблемалы жерлері жаңа және реконструкциялық жол арқылы шешіледі, Қабанбай-Тәуелсіздік магистралы тартылады. 2017 жылға қарай Астанада жеңілрельстік жол іске қосылады, ол 42 шақырымға созылып, тікелей көрмемен байланысады.
Көрмелік кешен «Болашақ энергиясы» деп аталатын «ЭКСПО-2017» бас экологиялық өкіл көздерінен жанданған күш-қуатпен қамтамасыз етілетінін өкімет айтады. Бұл мақсаттың жүзеге асуына Астанада салынатын күн батареясының зауыты мен Ерейментаудағы жел үрлеу станциясы өз үлестерін тигізеді. Қандай жағдайда да көрме еліміздегі альтернативті энергетиканың динамикалық дамуымен әрекет жасайды, мәселен, бүгінде Маңғыстау, Жамбыл және Алматы облыстарында жел станцияларының өрістеуі кезекті күш беруде.
Басқа жағынан қарағанда, энерготиімдікті түсіндіріп тарату, адамдарға оның артықшылығын толық білуге көмектеседі. Бұған Астананың оң жағалауындағы ескі үйлердің энергоаудиті таптырмайтын қажетті құрал болып табылады. Осынау игілікті іс Астананың таза қала болуына, жарықты үнемдеуіне және басқа аймақтарға үлгі көрсетуіне кәдімгідей мұрындық, ұйытқы бола алады.
Бірақ, жаңа ТЭЦ-3 құрылы-сының көрмені өткізу тұсында аяқталатыны түсініксіздеу, ол «жасыл» энергияны пайдаланумен байланысты, өйткені, объектінің отыны көмір болып табылады. ТЭЦ-1 және ТЭЦ-2 қаланың жан-жағын түтінмен тұмшалайтынын ескерсек, тұрғын үйлердегі энерготиімділікке саймаңызды шаралар туралы ойланған абзал, мүмкін үшінші ТЭЦ-тің құрылысын бастау керек емес шығар.
Сонымен қатар аталмыш іс-шараның глобалды ақпараттық саясатын жүргізу жоспары хақында да тиянақты, ыждағатты сараптаған жөн, себебі, қателік келушілердің санын азайту қаупін туғызады. Бұл үшін Астананың ребрендингі талап етілуі ықтимал. Сонымен қатар әлемдік дәрежеде «ЭКСПО-2017»-нің маркетингтік қозғалысына бар күшті салған дұрыс. Көрменің концепциясы сәуірге дейін қоршаған ортаны қорғау Министрлігінде жасалады, оған «жасыл көпір» идеясы қолданылады, бұған дейін ол Қазақстанда рәсімдеу құжаттарын алған және экологиялық тәжірибесі де орасан зор. Әзірге маркетинг жұмыстарының көп бөлігі көрменің ролигіне және веб-сайтына бекітілген. Бірақ, толық мақсатқа жету үшін, «ЭКСПО-2017» — бос әуре емес, маңызды болатынын түсінікті ету үшін әлем бойынша және өз елімізде адамдармен салиқалы сөйлесудің, тұщымды насихат жүргізудің пайдасы зор.
Ой-пікір
Талғат Доскенов, «Атамекен Одағы» ХЭПК-нің қарағандылық филиалының директоры:
— Әлеуметтік желілерде көрменің керектігі немесе керек еместігі жөнінде әр түрлі пікірлер айтылып жатыр, бірақ, бұл жоба әрбір қазақстандыққа түсініксіз. «ЭКСПО»-ны Астанада өткізудің концептуальды көзқарастары қалыптаспаған. Тек макроэкономикалық көру бар. Бизнес-қоғамдастық сұрақ қояды: мәселен, Қарағанды құрылысшылары, туристік компаниялар және тағы басқалар бұған қалай қатыса алады? Энергия туралы, «жасылдану» туралы не ұсынылады? Ешкім білмейді. Астананың 50 гектарлық шағын алаңында болатыны ғана белгілі. Астана 3-4 ай көлемінде 5 миллион адамды қабылдай ала ма?
Қазақстанда Азия ойындары өткені белгілі. Осы ойынды өткізу комитеті басшысының былығына байланысты бүгінде қылмыстық іс қозғалды. Оның 20 миллион теңгені жымқырғаны әйгілі болды. Әрине, бұндай мәселелер «ЭКСПО» құрылыс объектілерін салу кезінде де туындауы әбден мүмкін. Бұл объектілер тек имидж ғана емес, олардан коммерциялық тұрғыдан қайтарым болуы тиіс. Адамгершілік жағы, әлбетте, өте маңызды. Біз әлеммен бетпе-бет жүздесетін болғандықтан, сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабылуы тиіс. Мұндай халықаралық іс-шараларды өткізу кім-кімге де үлкен жауапкершілік жүктейді, әділдік салтанат құрғаны абзал.
Көрмені өткізу туралы бизнесті ұғынатын адам ретінде пікір айтамын. Осынау игілікті іске ашық есік Күні ретінде қараймын. Бұл тұста бизнеске жол ашылады, мен оған қуанамын. Біздің еліміз жөнінде бүкіл әлем біледі, көрме үлкен экономикалық нәтиже бере алмайды.
Болат Мұстафин, жеке кәсіпкер:
— Менде екі түрлі пікір бар. Бір жағынан мұндай мекемелер керек, Қазақстанның бұл құқықты ұтып алғанына қуанамын. Шетел ғалымдарының жетістіктерін, жаңа технологияны көру – бұның бәрі тамаша, мақтаныш деп есептеймін. Бірақ, шұбалану біздің қазақстандық шындыққа шақырады. Кез келген мекемені алып қарасақ та, басқа елдермен салыстырғанда, бізде қымбатқа түседі. Мәселен, Азиада құрылысына бірнеше миллион сомалар шықты, дәл осы ақшаға басқа мемлекеттерде ондаған сәулетті үйлер тұрғызуға болады екен. Мен түсінемін, климат онша емес, технология онша емес, алайда, бес есе шығындалудың қажеті қанша? Әрине, мемлекеттік сатып алу сайтын қарасақ, дәл цифрлармен қанша ақша жұмсалғаны көрсетілген. Егер ұмытпасам, Азиада «шефінің» бір креслосы бір мың доллар тұрады екен. Ұйымдастырушылар айтқандай, Астана «ЭКСПО»-ға бес-алты миллион қонақты қабылдайды дегенге сенбеймін. Калькулятор алыңыз, есептеңіз, тоқсан күнде, яғни, үш айда Астанадағы көрмеге күн сайын алпыс мың адам келіп-кетеді екен. Бұл бір күнге ғана есептелген. Ал, қонақтар Қазақстанда екі-үш күннен болса ше? Онда Астана қонақүйлері бір уақытта тоқсан-жүз мың туристі қабылдауы тиіс. Сіз бұған сенесіз бе? Қазірде Астанада таңертең автобусқа міну мүмкін емес. Ол кезде адам көбейеді. Мұндай тапсырманы орындау санаға сыймайды. Ауылда кәсіби мамандар жетіспейді, қалада коммунальдық проблемалар шаш етектен. Зейнетақы жинақтау жүйесі құлады. Мемлекеттің бақылау жасап, нәтиже шығаратын жұмыстары көп. «ЭКСПО» көрмесін өткізу кейбіреулердің қалтасын қампайтып, баюына мүмкіндік береді.
Бақытжан Төреғожина, «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының президенті:
— Аталған іс-шараларды өткізудің тарихы мақтануға тұратын жан-жақты дамыған елдер ғана мұндай қадамға баратынын көрсетеді. Кейде осындай жұмыстар біткесін аймақ босап қалады және ол ертеңіне аз пайдалынады. Қазірде Қазақстанда ЭКСПО өткізуден де басқа келелі мәселелер жетіп артылады. Мәселен, халықтың жағдайы мәз емес, ауылшаруашылық халі нашар, декреттік төлемдер қысқартылды, зейнеткерлік жас жоғарылатылды, алименттің өлшемі төмендетілді, зейнеткерлік қорлар азайды. Сондықтан Қазақстанның қалпақты аспанға атып, мақтанатын дәнеңесі жоқ. Өнеркәсіп тоқырап тұр. Экономикада, инновациялық бағытта, «Самсунг» меншігінде, «Тойота» меншігінде кішкентай жетістікті санамағанда, біз төрт тік тұрған мемлекет емеспіз — бізде ештеңе жоқ. Біз сабынды да, шегені де өзіміз шығармаймыз. Тағы не айтуға болады? Осы көрмеге қыруар ақшаны босқа шашқанша, ел-жұртқа пайдалырақ басқа шаруамен шұғылданған дұрыс.
Даниял Байболов, жеке кәсіпкер:
— Бүкіл әлемдік көрмені өткізу бірінші кезекте қаланың сәулет-құрылыс өнеркәсібін көкке көтереді, қызмет көрсету саласында жаңа жұмыс орындары ашылады, қонақжайлылық қасиет қанатын жаяды. Ең бастысы, «ЭКСПО»-ның арқасында қазақстандық нарыққа алдыңғы қатарлы құрылыс технологиясы келеді, отандастар энерготиімділікке, экологияға көңіл бөле бастайды, жақсы өмір сүруге бұрынғыдан да гөрі талпына түседі. Маңыздысы, менің ойымша, «ЭКСПО» үшін жасалған инфрақұрылым көрмеден кейін де пайдаланылып, табыс әкеліп, инвестицияны қайтару керек. Бұл үшін әлемдік тәжірибеге сүйеніп, кәсіби-девелоперлер тартылса, нұр үстіне нұр болады.
Назерке Ибраимова, GR-менеджер:
— Астана — Қазақстанның бренді, оны дұрыс «беру», «көрсету» және «сырлау» өте маңызды. «ЭКСПО-2017»-нің бізде өтетіне мен қуаныштымын. Бұл біздің жас мамандардың, ғалымдардың және фрилансерлердің өздерін танытуға мүмкіндік береді. Астана экологиялық және технологиялық жағынан дамып, көркем бола бастайды. Тек елдің басқа өңірлері елеусіз қалмау үшін барлық қалалармен және облыстармен телекөпірлер жүргізген абзал. Қазақстанның әрбір тұрғыны «ЭКСПО» туралы жаңалық тыңдап қана қоймай, қанша шалғай болса да, осынау игіліктің іске жан-тәнімен беріліп, біте қайнасқаны зор маңызды.
Зәуреш Батталова, «Қазақстанда парламентаризмді дамыту Қоры» қоғамдық қорының президенті:
— «ЭКСПО» — бұл ғалымдарға ешқандай көмек көрсетілмей, ғылыми қоғамдастықтар мен ұйымдарды қаламсапқа зар қылған инновациялық технологиясы жоқ пиар-жоба. Ол кім үшін және не үшін? Мен ЭКСПО-ға қарсымын.
Ақмарал Сыздықова, ағылшын тілінің мұғалімі:
— «ЭКСПО» Қазақстанға керек емес. Бұл бас тақырыбынан бастап, мағынасыз оқиға. Біз дәстүрлі көмірсутек өндіреміз, «жасыл» технологияны жүргізу қажет пе? Барды қиратып жатырмыз. Бұл сандырақ. «Ағалар» «ресейлік Сочиді» салғысы келеді, мағынасыз жобалар көп, меніңше, бұдан жекелеген пысықайлар ақша табады.
Kn.kz Ақпарат қызметі