Портал недвижимости
Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Жаңа құрылыстағы пәтерді қалай қабылдауға болады?

Қақаған қыстағы ылғалдылыққа, жарықшақ пайда болғанда, құрылысшылардың тағы басқа сапасыз жұмыстарын байқағанда қайда, кімге шағымдануға болады?

Үй салушылармен, компания басқарушысымен қалай қарым-қатынас жасау керек? Сіз өз құқыңызды, міндеттемелеріңізді білесіз бе?

Сонымен, сіз өз кілтіңізбен бірінші рет жекеменшік пәтеріңіздің есігін аштыңыз. Әрине, бөлмелерді, балконды, санторапты, жылу жүйесін, сумен жабдықтау құралдарын қарап шығасыз. Алғашында толқумен кемшіліктерді байқамауыңыз мүмкін. Олар кейінірек қылтия бастайды. Пәтердегі кемшіліктер — бәленің жартысы. Үйдің проблемасы — сіздің проблемаңыз.

Астанада 20-дан астам жаңа құрылыс пайдалануға сорақы кемшіліктермен берілген. Құрылыс бойынша Агенттіктің (бүгінгі құрылыс істері бойынша Комитет және аймақтық даму Министрлігінің жанындағы ТКШ-ы) мұндай бірінші арнайы тексеруі өткен жылы жүргізілген еді. Бұл ведомствоның мәліметі бойынша астананың көптеген тұрғын үй кешендері түрлі қателерге қарамастан мемлекеттік комиссия арқылы қабылданып кеткен. Құрылыс кезінде жобадан ауытқулар болған, бұған бірақ, ешкім назар аудармаған.  

Жеке жағдайлар

Жаңадан қоныстанушылар өз проблемаларымен Интернет арқылы бөліседі. «2013 жылы ақпанның басында «Астана қаласы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензия беру Департаменті» ММ-нен бізге хабарлама келді, — дейді Динара астанадағы бір ТК-нің үлескері, — онда біздің үйдің техникалық тексеруден өткендігі, оның құлау қаупі бар екені, оған қоныстануға болмайтындығы айтылған».

«Менің пәтерімдегі еденде ұзыннан-ұзақ жарықшақ бар. Еден жарылып кетер деп жанұямызбен қобалжимыз. Мұндай кезде кімді тексеруге шақырамыз? — деп сұрайды тағы бір қоныстанушы.

Астаналық Айгүл айтады: «Қазіргі таңда біздің үй пайдалануға берілмеген, өйткені,
жұмыстары әлі бітпеген. Ол 16 қабаттан тұрады. Біз 15-ші қабатта тұрамыз. Жуырда үлескер-лердің форумында жоба бойынша 14 қабат болу керектігін оқыдым. Осы рас па? Енді бізбен не болады? Бұл туралы біз бүгін біліп отырмыз. Бізде 36 пәтер. Астана қаласы әкімінің сайтынан сұрағанымызда, олар МСҚК-не хабарласу керектігін айтты».

Не істеу керек? Заңға жүгінеміз. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы-ның 25 бабы, 1 тарауында құқық пен міндеттеме толық көр-сетілген.

Сондықтан барлық олқылықтар бойынша қоныстанушылар өз құзырлықтарына сәйкес қажетті шара қолдану үшін аймақтық әкімдікке жазбаша хабарлама жасаулары керек. Сонымен қатар құқыңыз бен мүддеңізге нұқсан келген жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 9 бабына сәйкес сіз бекітілген заңнама тәртібіне байланысты сотқа жүгіне аласыз.

Үлескер Серік Мұқанов:

«2010 жылы үлеске екі бөлмелі пәтер сатып алдым. Құрылыс сапасы нашар. Үй кемшіліктермен тапсырылған. Мемлекеттік комиссияның оны қалай қабылдағаны барлық тұрғындар үшін жұмбақ болып отыр. Қабаттар арасындағы монтаждық саңылаулар бетондалмаған. Өртке байланысты құралдар қосылмаған. Балкондарда қоршау жоқ. Бұрыштағы пәтерлер қыста суық. Подъездерде күл-қоқыс жиналмайды. Аула толы қар және қоқыс. Балалар ойнайтын алаңша, жарық жоқ. ЖШС директоры жекеменшік құқықты рәсімдейтін құжаттарды екі жыл бойы дайындады. Жобалық-сметалық құжаттаманы тұрғындардың біреуі де көрген емес. Бұл қалай болады?»  

Жаңа құрылыс тұрғыны Сара Қабдина:

«Мен көршімнің пікірімен келісемін. Ойымды қосқым келеді. Құрылыс салушы әр пәтерден, бізде ол 88, жалпы үй қажеттері үшін (ЖҮҚ) 1758 теңгеден төлем алады. Алаңшадағы жарық үшін дейді. Онда екі-ақ лампочка бар. Заңнама бойынша үй әкімдіктің балансына кіргендіктен, ЖҮҚ төлемін құрылыс салушы төлеу керек. Ал, ол төлемді тұрғындардың арқасына артып қойды. Үйді ұстауға тағы ақша жинайды. Не істеп жатқандығы туралы ешкімге есеп бермейді. Оларды кім тексере алады?»

Бұрынғы құрылысшы, жаңа қоныстанушы Хамит Бекжанов:

«Жақында республикалық газеттердің бірінде «Біздің ТК-і мәңгілікке салынған» атты мақала жарияланды. Бұған мен күдіктенемін. Сондықтан осы ойды теріске шығаруды сот арқылы шешуді талап етемін. Құрылыс үйлерінде кемшіліктер жеткілікті. Олар 50 пайызды құрайды. Біздің іргетасымыздан үнемдеген үй салушыға өз наразылығымызды білдірдік. Ені 1000 мм болуға тиіс фундаментті 800 мм, кейбір жерлерде 900 мм қылған. Заңсыз қосымша қабат қосқан. Мансардты. 9 тұрғын үй, 10-шы мансардты қабат және жоғарыдан тағы техқабат. Бұл заңбұзушылық. Оларды пәтер ретінде сатады. Жарықшақтың бірін жамасаң, екіншісі шығып тұрады, шыдам таусылды. Біз құрылыс ісі бойынша Агенттігі мен ТКШ-на хабарластық. Сарапшылар тексерген соң, үй салушылар қуыстарды бітеді. Ал, подъезді қарауды ұмытып кеткен.

2012 жылы ақпанда қала әкімінің орынбасары С. Хорошунның тапсырмасымен пәтер иелері мен Брусиловский көшесі, №5 үйдің ынталы тобы өкілдерінің бірігуімен біз жиналыс өткіздік. Ең незігі наразылық құрылысты жүзеге асырған ЖШС басшылығына білдірілді. Бір қызығы, мемлекеттік қабылдау актісінде үй гараждарымен бірге деп көрсетілген. Олар жоқ. Қайда барамыз енді?»

Келісімшарт қорытындысы

Көптеген адамдар келісімшартқа қол қою процедурасына жүрдім-бардым қарайды, маңызды құжатта жазылған оның шарттарына көңіл бөлмейді. Жылжымайтын мүлкіңіздің болашағы және оның сапасы сіздің осы іске сауатты назар аударуыңызға байланысты. Осыған толығырақ тоқталайық.   

Бірінші, әрлеу мәселесі. 2009 жылғы үкімет қаулысына сәйкес, тұрғын үй құрылыс секторында сапа болу үшін ол таза әрлеумен қоса тапсырылуы тиіс. Үйлердің қандай күйде тапсырылып жатқанын біз білеміз. Үлестік қатысу механизімімен салынған, қарабайыр әрлеумен тапсырылған тұрғын үй кешенін мысалға келтіруге болады.   Сыртқы-ішкі есіктер, сантехника, бетон төсеніш жоқ болса, қабырға тегіс болмаса не істейсіз?

Бірақ, көп тұрғындар пәтерлерін алар кезде мұндай келеңсіздіктерге көз жұма қарайды. Адамдар құрылыс материалдарын сатып алған уақытта, оларды лифтісі жұмыс істемейтін жарығы жоқ 25-ші қабатқа шығарғанда қатты қиналды. 

Әрлеу жұмыстары бізде қандай күйде? Құрылыс бойынша Агенттіктің (бүгінгі құрылыс істері бойынша Комитет және аймақтық даму Министрлігінің жанындағы ТКШ-ы) ақпараты бойынша таза әрлеуге байланысты талаптардың барлығына үй салушылар жауап береді екен. Бірақ, бұл шешіммен бәрі келісе бермейді. Астанадағы бір құрылыс директорының пікірінше, бұл маркетинг тұрғысынан дұрыс емес екен. «Адамдар бірдей әрлеумен тұрғысы келмейді. Біз талапты жартылай орындаймыз. Үлескерлердің кілтті алып, жөндеуді өздері жүргізетіні жасырын емес. Объектіні тапсырарда біз клиенттер жасаған таза әрлеуді көрсетеміз». Көптеген отандық үй салушылар азаматтардың құқықтық сауатсыздығын пайдаланады. 

Қосымша «шаршыларға» ақы төлене ме?

Қанша шаршы метрге ақша бергенімізді біліп тұрсақ та, кілт қолға тиген соң, иелігіміздегіні тағы бір өлшейміз. Бұны біз тапсырылған тұрғын үй өлшемінің дәл келмейтіндігінен емес — бұл көп орын алатын тәжірибе. Егер бұл пункт сіздің келісімшартыңызда жазылмаса, онда ыңғайсыз жағдайда қаласыз. Сізден үй салушы өтем талап етуі мүмкін. «Мұндай оқиға тәжірибеде — сирек емес құбылыс. Келісімшартта жазылғандай, адамдардың немесе құрылыс компанияларының кейбір қателіктері болса, олар бір-біріне ақы төлеуге міндетті емес. Тұрғын үйдің жалпы көлемінен 2-3 пайыз ауытқуға болады.  

Мысалы, 40 шаршыны сатып алдыңыз дейік, ал, сізде 41 болса, ол үшін компанияға ештеңе төлемейсіз. Көлем бойынша нормадан тыс ауытқулар болса, үлескер немесе құрылыс компаниясы төлем төлейді. «Егер адам келісімшарттың соңғы пунктімен келіспесе, оны бірден алып тастау керек, бірақ, ол мұндай қадамға бармайды», — дейді даму бойынша директор.

«Егер көлем көбейсе, клиент ештеңе төлемейді, ал, ол аз болса, залалдың орнын толтыруды талап ете алады, — деп санайды үй салушылар. Бұл үшін қатты қобалжудың қажеті жоқ. «Жетпейтін көлем үшін компенсация талап ету әрекеті көп еңбекті қажетсінетін процесс, — деп ескертеді жылжымайтын мүлік бойынша эксперт Руслан Унгефуг.

Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу керек пе?

«Төлеймін», — деп шешсеңіз, қателесесіз. Пәтерлердің бақытты иегерлері байқамай, қаражат қақпанына түсіп жатады. Үлеске қатысу туралы заңда пәтерлерді жекеменшікке рәсімдеуге дейін сатып алушы коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге міндетті еместігі жазылған, бірақ, біздің үлескерлерді ақы төлеуге мәжбүрлейді.

Егер үй мемлекеттік комиссиядан өтпесе, үй салушы тұрғындардың жекеменшік құқы бойынша Актіні бере алмайды. Егер пәтерлер ТҚО-да тіркелмесе, онда, объекті Астанаэнергосбытпен келісімшарт жасаса алмайды. Соңғысы, өз кезегінде мұндай жағдайда тұрғындардың есептеу құралдарын құрықтап қоюға оның құқы жоқ, өйткені, үй құрылыс қарамағында болады.

«Үй салушылар мен монополистер бұл процедураны жақсы біледі, бірақ, кейде заңды айналып өтіп жатады. Құрылыс компаниясының объектіні тапсыруға дейін тұрғындарды қоныстандыруға ешқандай құқы жоқ. Ал, бізде не болып жатыр? Адамдарға кілт береді: «Өз есептеріңізден құрылысты аяқтаңдар, тағы коммуналдық қызметтерге ақы төлеуді сұрайды», — деп мазасызданады «Общественный защитник» республикалық одақ басқармасының төрағасы Виктор Сыздықов.

«Үй салушы мен монополистер осылайша дұрыс қадам жасамайды. Объекті мемлекеттік сараптамадан өтпесе, есептеу құралдары бойынша емес, одан басқаша төлем алынады. Ақшаның қайда кетіп жатқаны жөнінде қорытынды шығара беріңіз. Заң бойынша объектінің тұрғындары ол пайдалануға берілгенше, ештеңе төлеуге міндетті емес, — деп шегелейді В. Сыздықов.

Мамандардың ақыл-кеңесі

Сұрақтарға сәулет-құрылыс Басқармасының бас сарапшысы Арнольд Ли жауап береді:

— Сарапшы ретінде жаңа қоныстанып, пәтер алушыға қандай кеңес бересіз? Бірінші кезекте не істеу керек?

— Бірінші кезекте пәтер алушы үйді пайдалануға беруге байланысты актіні хабарламаны талап ету керек.

— Қабылдау-беру актісіне қол қоярда не нәрсеге баса көңіл бөлген жөн? Үй берушіден қарау парақшасы және т.б.

— Қабылдау-беру актісіне қол қоярда ұсынылған пәтердің жасалған келісімнің шарттарына сәйкес келуін қадағалау қажет, жұмыс сапасына зер салған дұрыс.

— Жылу бойынша ҚДжК-нің нормалары қандай? Алаң мен көлемнің мөлшеріне сай қандай және қанша радиаторлар болуы мүмкін?

— Радиаторлар саны жоба әзірлемесін орындау кезінде жылу техникалық есепке сәйкес бекітіледі. 

— Жарық, су есептеу құралдары. Көбіне арзанқолдылар қойылады. Олардың өз нормасы бар ма? 

— Жылу, су есептеу құралдарының түрі мен маркасы жобада көрсетілген. Құрылыс процесі кезінде жоба авторымен, тапсырыс берушілермен келісе отырып, жарық, су есептеу құралдарының маркалары басқаға ауыстырылады.

— Актілерге қол қойылып, пәтер қабылданған соң, ылғалдылық, жарықшақ, терезеде қуыс байқалса, кімге шағымдануға болады? Оларды кім жөндеп береді? 

— «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69 бабы, 1 тарауына сәйкес құрылыс объектілерінің пайдаланылуға берілуінің кепілдік мерзімі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне байланысты 10 жылға созылады.

Басқа жағдайларда салынған объектінің нормативтік мерзіміне байланысты (капиталды құрылыс класына немесе істелген құрылыс-монтаж жұмыстарының кейбір түрлеріне сәйкес) тапсырыс беруші мен тапсырыс алушының арасында келісімшарт жасалғанда, ең кемі кепілдік мерзімі екі жылға бекітіледі. 

Егер кепілдік мерзімі бітпеген кезде кемшіліктер байқалса, тапсырыс алушыға жауапкершілікке жүктеледі. Олар бәрін орнына келтіруге міндетті.

— Астаналықтар осындай шағымды сіздің ведомствоға жазып көрді ме? Олардың тағдырлары қандай?

— Мұндай шағымдар астаналықтар тарапынан біздің ведомствоға түсті.Біз Астана қаласы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялық аймақтық Департаментімен бірігіп, жоспардан тыс тексерулер жүргіздік. Тексеруден соң, кемшіліктер қалпына келтірілді.

— Қоныстанушылар тағы нені назарларында ұстаулары тиіс.

— Объектіні пайдаланудың кепілдік мерзімі біткенше, кемшіліктерді тапсырыс алушы орнына келтіруге міндетті екенін білулері қажет.

Жаңа пәтерді қарау тәртібі

Мүмкіндігінше пәтерді күндіз қарау керек, кешкілік үйде электр шамы болмай қалуы ықтимал.

1. Қолыңда не болғаны жөн?

— Қағаз, қалам, фонарик.

— Кез келген жарық электрқұрылғысын розеткаға қосу керек болады (мәселен, мобильді телефонды) немесе кәдімгі тексергішті (тестер).

— Жарықты тексеру үшін патрон және лампа, орындық алған дұрыс. 

2. Міндетті түрде не істеу керек?

— Есептеу құралдарының (жарық және су) барлық нөмірлерін және олардың көрсеткіштерін жазу керек. Жарық есептеу құралдарынан екі санды — күндізгі және түнгі тарифтерді алыңыз. Бұл құрылғы жалпы пәтерлік холлда орналасқан.

— Фонарь санторапта орналасқан су есептегіш нөмірлері мен көрсеткіштерін алу үшін қажет болады. Су есептегіштің паспортын алғанда, мұқият болыңыз, ондағы нөмірлер мен көрсеткіштерді салыстырыңыз. 

3. Пәтерде неге назар аудару керек?

— Бетон конструкциясына, вертикалдан ауытқуға. Қабырғаның тегіс еместігі 5 мм-ден аспауы тиіс. Бірақ, оны сізге ешкім істеп бермейді, түзеуге болады.

— Қабырғадағы жарықшаққа. Тегінде жарықшақ болмауы керек – жарықшақпен монтаж панеліне тыйым салынған, дегенмен, өмірде бәрі кездеседі. Сіз жарықшақты көруіңіз мүмкін, бірақ, ол  0,4 мм-ден аспаса, ешқандай қорқынышты емес.

— Монтаждық қосылғыштарды балшықпен толтырмауға.

4. Есік, терезе

— Терезе пакетінің сынық еместігін, әйнекте жарықшақ жоқ екендігін, оның рамада тығыз жатқандығын тексеріңіз.

— Барлық есіктердің еркін ашылып-жабылатынын, оның ағаш элементтерінің мықтылығын тексеріңіз.

— Периметр бойынша тығыздалғыштың рамаға еркін жатуын тексеріңіз. 

— Терезе (есік) рамаларының және бетон қабырғаларының пароизоляциялық ленталары арасында қуыстардың жоқ екенін тексеріңіз.

5. Лоджия

Жоғарыда есік бойынша айтылғандарға қосымша:

— Жармалардың еркін қозғалуын тексеріңіз (ол сылқылдап тұрған жоқ па?)

— Жарма фиксациясы жоғары дәрежеде болуы тиіс. 

— Рамада жарма сенімді орналасуы керек.

6. Электрика

— Электриканы тексерер алдында автоматты қосуды ұмытпаңыз.

— Розетка құрылғысының құрамын тексеріңіз, сосын оны қосыңыз. Лампа алсаңыз, жарық сапасын қараңыз. Сантораптарда патрон плафондарымен болуы керек. Әрі қарай лампаны бұрап, есептегішті бақылауға болады. 

7. Сумен жабдықтау, канализация және жылу 

— Егер ауданда теміршелер болмаса, онда ештеңе қараудың қажеті жоқ.

— Сыртқа шығаратын крандардың жұмысын тексеріңіз.

— Сыртқа шығарылғыш теміршелердің есептегіш жағдайын тексеріңіз.

— Су ағызатын құбырлар жылу изоляциялық материалдармен жабылуы тиіс.

8. Канализация

— Үш тармақта жарықшақ жоқтығын, сыртқа шығарылғыштардың қақпақтары тығыз жабылғандығын мұқият тексеріңіз.

9. Жылу

— Жылу реттеуішінің регуляторларының жұмыстарын тексеріңіз.

— Конвекторлардың жоғары қабыршақтарында сызат болса, оны қалдыру, қалдырмау мәселесін тексеріңіз. 

— Конвекторлар дұрыс орналасқан ба? (батареялар).

10. Желдеткіш

— Желдеткіш саңылауларының кір-қоқысқа толған-толмағандығын тексеріңіз. 

Бұлардың бәрімен не істеуге болады?

— Қабылдау актісіне табылған кемшіліктерді көрсетіңіз. Оларды жою мерзімін жазуды ұмытпаңыз.

— Егер сіз кей нәрселерді тексермесеңіз немесе қарамасаңыз, оларды актіде міндетті түрде көрсетіңіз.

Kn.kz Ақпарат қызметі

kn.kz
>
Статьи