Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Пәтерді қалай айырбастауға болады

Айырбас — жылжымайтын мүлік нарығында түсінікті әрі өте жаңа құбылыс емес. Бірақ, аналитикалық және статистикалық мәліметтерде бұл туралы кездестірмейміз.

Мүлік айырбастау Қазақстанда өз бетінше жүзеге асырылып жатыр, яғни, ол кәсіби нарықта қызығушылық тудырмайды.

Мәселен, Ресейде дағдарыс-тан соң, тұрғындарда басы ар-
тық ақшаның жоқтығынан пәтер иелерінің өз жылжымайтын мүліктерін біраз уақытқа дейін сата алмағандықтарын риэлторлар байқады. Осыған байланысты олар айырбасты, «ақшасыз» мәмілені қолға алды. Ештеңемен айналыспағаннан, осындай қызмет көрсету артық деген қарапайым ұйғарымға келді.

Қазақстан дағдарыс жылдары жылжымайтын мүлік нарығы қаттырақ шайқалған елдер тізіміне енді. АТФ Банк аналитиктерінің мәліметтеріне сүйенсек, құнсыздануды есепке алмағанда, бағаның құлдырауы бұл секторда 20 пайызды құрады. Ақырында, 2009 жылы теңгенің девальвациялануы орын алды. Осынау күрделі оқиғалардың өзі қазақстандықтарды нақты айырбаспен шұғылдануға итермелемеді. Сол кезде де, бүгінде азаматтар сату-сатып алудың стандартсыз рәсімінен айналып өтуді қалайды.

Ақша жоқ, бірақ, ынта бар

«Недвижимость» газетіне сараптама жүргізсек, жылжымайтын мүлік туралы 30 хабарландырудың біреуі ға-на айырбас туралы ұсыныс жасайды. Оларды аз деп есептеуге болмайды: Астанада күн сайын 300 осындай ұсыныстар шығады. Егер мамандандырылған сайтқа көз жүгіртетін болсақ, айырбасқа тілек білдірушілердің қатары көбейгенін байқаймыз. Кімдер олар? Пәтерлік бартерді қалаушылар ма? Ең бастысы, неге олар өз мүліктерін сатуға құлықты емес?

Виктория Кочемирова, 22 жаста:

— Мен ата-анаммен қоныс аударуды қаладым. Екі бөлмелік үйіміз тәуір ауданда. Біз бір бөлмелік екі пәтерге ауыстырмақ болып шештік. Заттарды сақтау және үздіксіз тасымалдау мәселесіне байланысты пәтерлердің бір бірінен бөлек, алшақ болуы бізге тиімсіз және қолайсыз. Үйді сату және ыңғайлы нұсқа іздеп, үш бірдей мәмілені рәсімдеу қиынның қиыны. Оған қосымша, құр алақан қалудан қорқамыз. Ал, пәтер айырбастау — бір-ақ мәміле, егжейлі-тегжейлі жұмыс істелсе, сенімділік молаяды.

Алена Майлибаева, 52 жаста:

— Біз төртбөлмелік пә-терде, қазір қызымыз екеуміз қалдық, бізге ол өте үлкен. Мен оны екі бөлмелік және бір бөлмелік пәтерге ауыстырғым келеді. Сату туралы хабарландыру берсем, менің пәтерімді тез алып кететін сияқты. Маған сатып алушылардың үздіксіз келгенін қаламаймын. Оның үстіне мен қайда тұрақтауды іздестіруім керек. Сондықтан талабымды қанағаттандырар деген мақсатпен газеттерде хабарландыруларды көп оқимын. Риэлторлар айырбастаудың қалай жүргізілетінін түсіндірді. Мысалы, менің пәтерім 80 шаршы метр. Бір бөлмелік пәтер біздің ауданда шамамен 40 шаршы метр болады, екі бөлмелік, мүмкін, 60 шаршы метр. Бәрі бірге 105. Бізде тек 80 ғана. Сондықтан «шаршы» бойынша айырбастауда мүмкіндігіміз аз. Егер төртбөлмелікті қосқысы келетін жанұя табылса, басқаша болар еді.

Өз пәтерімді сатуға тура келеді, екі бөлмелі бір пәтер алсақ, бізде ақша қалады. Оған тағы бір бөлмелік алу мүмкін емес. Бізді мұндай нұсқа қанағаттандырмайды. Мүмкін екі бөлмелік екі пәтер ауыстыру ұсынысы түсетін шығар. Әрине бұл қиял тәрізді, бірақ, кенеттен. Егер сатсақ, көп ақша қолымызға тиеді. Мүмкін, мен сатып аламын дегенше, пәтердің бағасы көтеріліп кететін шығар. Айырбас әрі қарапайым, әрі қауіпсіз.

Артур Меркулов, 30 жаста:

— Мен көлігімді ауыстырғым келеді, қосымша Қарағанды қаласының орталы-ғынан тыныш көшеден пәтер алмақ ойым бар. Менде BMW X5, бұл эксклюзивті вариант, оған сатып алушылар жоқ. Машинамды арзанға сатуды қаламаймын, мүмкін, айырбасқа байланысты сәтті нұсқа табылып қалар.

Шынайы айырбастың күрделілігі

Алена Майлибаева өзінің төртбөлмелік пәтерін ауыстыруды армандайды. Ол бірнеше риэлторлық фирмаларға барғанын, бірақ, олардың бәрі көмектесуге құлық білдірмегенін айтады. Риэлторлар оған ақыл-кеңес беруден, нұсқаларды тізбелеуден тартынбаған, алайда, ешқайсысы Аленаға қызмет жасауға тәуекел етпеген. Бұл әйел таныстарының сілтеуімен «тәуір агенттіктерге» барған, дегенмен, нәтиже жоқ. Риэлторлық сайттарға тапсырыстар жолдаған, ол бірде-бірінен жауап алмаған. Жылжымайтын мүліктің кәсіпкерлері айырбаспен айналысуды жөн санамайды.

Астанадағы бір компанияның түсіндіргеніндей, — маман мәмілені ұйымдастырғаны үшін төлемақы ала алмайды. Қолма-қол ақшасыз операция жүргізілгендіктен, риэлтор істен «шығып қалуы» ықтимал.

AБС RoуаI Estate астаналық компанияның атқарушы директоры Расул Биккинин риэлторлардың салқын қандылығын мәміленің қиындығына сәйкес түсіндіреді:

— Бір тарап ұсынған нұсқа екінші тарапты қанағат-тандыратын және пәтерлердің құнына байланысты оларды келістіру оңай шаруа емес. Айырбас екі жаққа да тиімді болуы тиіс. Егер айырбас кезінде баға анықталмаса, қосымша ақы төлеуді ойластыру қажет. Рәсім өте күрделі, көп күш-қуат және уақыт кетеді, сондықтан айырбасқа біз зор жауапкершілікпен қараймыз. Мұндай мәмілелерді ұйымдастыру үшін өтінішпен бізге жиі хабарласады: жылжымайтын мүлік іздейді, басқамен немесе автокөлікпен айырбасты ұсынады.

Әдетте риэлторлар мұндай жағдайда ақыл-кеңес беретінін, қазіргі таңда нарықта ұсынылған жылжымайтын мүліктің құнын көрсететінін Расул Биккинин айтады.

Хабарландыруларда бір қаладағы пәтерді немесе үйді басқа қаладағы жылжымайтын мүлікке айырбастау ұсынысы кездеседі. Мысалы, Алматыдан Астанаға болмаса Павлодардан Өскеменге. Біріншіден, өзінің шаршы метрлерін астаналыққа айырбастаушы Қазақстанның бас қаласынан ешкімнің кеткісі келмейтінін түсінуі тиіс. Ондай тілек білдірушіні табу — үлкен сәттілік. Екіншіден, түрлі елдімекендердің арасында айырбас процесін жүргізу тым күрделі.

— Мұндай мәмілелер саусақпен санарлық. Көлікпен жүруге шығын шығады, — дейді Расул Биккинин, — бір тарап жылжымайтын мүлікті көру үшін Алматыға келеді, басқа тарап үйді көруге Астанаға аттанады. Бәрі бір қалада кездеседі, келіседі, құжаттар жинастыру үшін қайтадан өз мекендеріне барады. Осының барлығына көп уақыт, қыруар қаржы кетеді.

«Квартал» қарағандылық риэлторлық агенттіктің директоры Рамиль Абдулин адамдардың көбісі тұрғын үйлерін кеңейткісі келетіндіктерін айтады:

— Мысалы, екібөлмелі еді, үшбөлмелік қалайды. Айырмасын қосымша төлеуге әркезде ақша жете бермейді. Мұндай жағдайда несие алуға мәжбүр болады. Бірақ, айырбас мәмілесі кезінде банктер ипотекалық несие бермейді.

Пәтерді қарау және ыңғайлы нұсқаларды іздеу ұзаққа созылуы мүмкін. Виктория Кочемирова ата-анасымен қоныс аудару үшін хабарландыруды екі жыл бойы жариялаған. Бойжеткен өз пәтерін Қарағандының (Майқұдық) елеусіз ауданына және қосымша атақты ауданына (Оңтүстік-Шығыс) айырбастауды қалайды.

— Біз жылжымайтын мүлкімізді 45 мың долларға бағаладық. Маған Майқұдықта екі пәтерге ауыстыру ұсынысы жасалды. Бұл ауданда 18 мың долларға тұрғын үй табуға болады. Мен олардан қосымша ақы талап етуім керек, — деп ойын ортаға салады Виктория Кочемирова, — бізге Оңтүстік-Шығыстан қыз бен жігіт екі пәтер беруге келісті. Бірақ, олар 20 мың доллар айырмасын төлеуді сұрады. Егер бұл ақшаны біздің үйдің бағасына қоссақ, 65 мың доллар болады. Бұл ауданда 25 мың долларға пәтер табуға болады. Әрі олардың бір пәтері «хрущевкада» болды: асханасы кішкентай, ваннасы әжетханамен бірге. Біз саудаластық, екеуі 15 мың долларды қосымша алуға келісті. Бұл сомаға Майқұдықтан қираған пәтер алуға болатын еді. Мені олар сұраған айырма ақы қатты састырды. Шешем екі айдан соң, әлгі екеуіне телефон шалды. Білгеніміз: оларға ортақ пәтер қажет болмай қалыпты, өйткені олар үйленбейтін болыпты.

Төртбөлмелі пәтердің иесі Алена Майлибаева бір күні екібөлмелі пәтер қарауға шығады, бірақ, объектіге жете алмапты:

— Кіреберіске кірсем, масқара, тәуелсіздік алғалы ақталмаған ба, шаң-тозаң, кір-қоқыс үйіліп жатыр. Пәтерге кірмедім. Сырттағы келеңсіз көріністен мұнда кімдердің тұрып жатқанын сездім.

Ғылым бойынша бағалаймыз

Айырбасқа, әрине, нұсқалар өте көп емес. Тағы бір глобалды мәселе — бағаның нақты өлшемінің жоқтығы. Айырбастауға тілек білдірушілер өз талаптарын жоғары қояды. Сөйтіп, олар онсыз да тар таңдауды шектей түседі.

— Бір пәтер — ол біреу екенін, ал, екеу — бұл жылжымайтын мүліктің екі объектісі екенін түсінуге тұрады, көлемі жағынан шағын болса да,  сондықтан олар әрқашан қымбаттырақ бағаланады, -- деп түсіндіреді жылжымайтын мүлік нарығын зерттеу Кn.кz Аналитикалық қызметінің маманы Татьяна Корягина, — айырбас кезінде екі жақтан да бағаның жоғары болатынын ескеру керек. Мысалы, көлік сату туралы хабарландыруды көрейік: ол 19 мың долларға сатылады, ал, айырбас 21 мың доллар көлемінде өткізіледі. Чек кітапшасы естеріңізде ме? Егер дүкенде чек бойынша төлесеңіз — бір баға да, ал, қолма-қол төлесеңіз — тіпті басқа баға. Осы принцип бүгінде жылжымайтын мүлік объектілерін айырбас кезінде қолданылады.

Пәтермен пәтерді немесе көлікті салыстырғанда, олардың құны рөл атқарады. Риэлторлардың пікірлерінше, мұндай бағалар субъективті. Тығырықтан шығу үшін кәсіби бағалаушыны шақырған жөн.
Бірақ, риэлторлардың өздері оларға сенбейді. Бағалаушылардың хабарлан-дырудағы көрсетілген құнға сүйенетінін агенттік қызметкерлері айтады. Газетте берілген баға өте жоғары болады, негізгі жағдайға сәйкес келе бермейді. Дегенмен, жылжымайтын мүліктің бағалаушылары мен аналитиктерінің нақтылық үшін арнайы әдістемені пайда-ланатындықтарын ұмытпау керек.

Аналитик Татьяна Корягина тұрғын үйдің құнын өз бетінше бағалаудың екі жолын ұсынады. Бірінші нұсқада кәсіби бағалаушы ретінде қимылдау қажет. Әуелі өз пәтерінің параметрін анықтаған жөн: орналасқан аудан (ең бастысы өлшемі), бөлмесі, үй түрі (жобасы), қабырға материалы (монолит, кірпіш, панель), қабат, жөндеу қалпы. Пәтердің қайта жобалануы жеке өлшеммен бағаланатынын ескерген абзал. Мәселен, сіздің үш бөлмелі үйіңіз Астанада, Сарыарқа ауданында, кірпішті үй (ескі тип), керемет жөнделген, 5 қабат. Газеттегі хабарландырулардан осындай жағдайдағы пәтерді іздеу керек және бағасына зер салған дұрыс. Ұқсастықтарды көп тапсаңыз, сіз өз шаршы метріңізді дәл бағалай аласыз. Аз дегенде бес нұсқада болса жақсы.

Хабарландыруларда баға өте жоғары көрсетіледі (саудаласумен). Сіздің айырбастағыңыз келетін жылжымайтын мүліктің екінші объектісіне байланысты есеп жүргізу керек. Сосын сіз соманы салыстырып, қанша айырма ақша төлейтініңізді немесе басқа меншік иесінен қанша айырма ақша алатыныңызды білесіз. Таңдау біреуге жайлы, ыңғайлы болса, ол екінші біреуді қанағаттандырмауы ықтимал. Мәселен, бірінші қабатты жас жанұя қаламаса, егде кісілер оны құба-құп көреді. Біреулер үлкен көлем үшін коммунальдық қызмет ақысын төлей алмайды, ал, кейбіреулер бала көбейгендіктен көлемді кеңейткісі келеді.

Екінші нүсқада түзету коэффицентеріне байланысты. Мысалға әлгі пәтерді алайық: Астана, Сарыарқа ауданы, 5 қабат. Бастапқыда аталған аудандағы қайталама тұрғын үйдің орташа бағасын анықтау абзал. Бір айлық, тіпті апта бойынша мәліметтер kn.kz сайтының «Аналитика» — «Айлық шолу» (немесе «Апталық мониторингтер») бөлімінде беріледі. Астанадағы қайталама жылжымайтын мүліктің нарықтағы бағасын аналитикалық шолуға сәйкес, 2013 жылы қаңтарда Сарыарқа ауданындағы бір «шаршының» орташа құны 1748 долларды құрады. Бұл дөңгелетілген цифр барлық пәтерлерге — жаңа құрылыстағыларға, элиталық тұрғын үйге және тағы басқаларға негізделген.

Пәтердің нақты құнын анықтау үшін коэффиценттерді пайдалану керек.  Олардың кейбіреулері 1 кестеде көрсетілген. Оларда элит-, эконом-класс деген түсінік бар. Бұл өлшемдер жаңадан салынған тұрғын үйлерге қолданылады. Кеңес заманынында тұрғызылған пәтерлерге класс берілмейді. Біздің жағдайда еврожөндеуден өткен жоғарғы қабаттағы классыз пәтерлер 1,03 коэффицентті құрайды. 1748-ді 1,03-ке көбейткенде, «шаршы» 1800 доллар болады. Коэффицент бағаны түсіруі мүмкін. Мәселен, егер пәтер бірінші қабатта орналасса: 1748 х 0,96 = 1678 доллар (кесте 1).

Аналитик Татьяна Корягинаның айтуынша, осы жылы kn.kz  сайтын пайдаланатындарға оңайырақ болады. Порталдың веб-парақшасында тұрғын үй құны есебінің калькуляторы беріледі. Талапкерлер өз пәтерлерінің параметрін көрсетсе, калькулятор барлық коэффицентті есепке алып, нақты бағаны шығарады.

Барлық қарапайымдылық – рәсімдеуде

Айырбастағы ең пайдалы құбылыстың қарапайымдылығы мәмілені рәсімдеуде жатыр. Егер адам өзінің жылжымайтын мүлкін сатса, орнына басқа екеуін сатып алса, жүргізілетін операцияның саны көбейеді. Бірнеше құжаттарды тексеру керек, риэлторларға жоғары комиссия төлеу керек және нотариустың қызметіне де ақша беру керек. 

— Айырбас жасалса, екі мәміледен тиімді (өз пәтеріңізді сату немесе басқасын сатып алу), — деп түсіндіреді нотариус Салтанат Бельбаева, — айырбас кезінде баж салығы нотариальдық қызметке бір-ақ рет алынады — 20 772 теңге. Бұған баж салығы (12 117 теңге) және техникалық қызмет сомасы (8 655 теңге) кіреді. Айырбас келісімшарты қос тарапқа да екі-екі бланкіден беріледі. Сату-сатып алу рәсіміндегідей келісімшарт әділет органдарында тіркелімде болады.

Айырбас келісімшарты стандартты рәсімделеді: онда өзінің жылжымайтын мүлкін екінші жаққа беруші меншік иесі көрсетіледі. Екінші тарап өз кезегінде жекеменшік құқына жататын объектіні бірінші тарапқа ұсынады. Айырма ақша мен оның көлемі міндетті түрде белгіленеді. Сату-сатып алу шартындағыдай, айырбас кезінде жылжымайтын мүлік некеге тұрған уақытта болса, жұбайының келісімі қажет болады.

— Мынадай жағдай кездеседі: мәселен, әжесі (үй иесі) жайын өзінің балаларының пәтерімен ауыстыруды жоспарлайды. Ол үйін балаларының емес, немересінің атына жазғысы келеді. Мұндай жағдайда айырбас жүзеге асырылмайды, сату-сатып алу келісімшарты рәсімделеді. Өйткені, айырбас жылжымайтын мүлік иелерінің арасында өтеді, — деп түсіндіреді Салтанат Бельбаева.

Баламалы мәміле

Көп жағдайда айырбастау мақсатындағы ұзақ әрі сәтсіз әрекеттерден соң, меншік иелері өз жылжымайтын мүлкін сатуға бекінеді. Ертерек сатып алу нұсқаларын қарастырады. Алена Майлибаева өзінің төртбөлмелік пәтерін сатып алушы табылғанда, екібөлмелі жайды ынталы түрде іздестіреді. Біршама риэлторлар мұндай мәмілеге қатысуға ниет білдіреді. Бір тұрғын үйді сату және бірнеше басқаларын сатып алу операциясы бір-ақ күнге созылуы мүмкін.

— Бұл күрделі процесс емес, — деп түсінік береді риэлтор Рамиль Абдулин. — Өйткені, жылжымайтын мүлікке сатып алушы табылса, «тірі» ақша пайда болады. Қаржыға сай таңдау жасау шеңбері кеңейеді.

— Біздің тәжірибеде төмендегідей оқиға болған-ды: таңертең пәтерін сатқан клиент түстен кейін өзіне басқасын сатып алды, — дейді AБС RoуаI Estate астаналық компанияның атқарушы директоры Расул Биккинин, — мұндай операцияға бару тым тәуекелшілдікті қажет етеді, тіпті аздап авантюризмге ұқсайды. Бірақ, біз клиенттерге жан-жақты көмектесуге тырысамыз. Біреудің жылжымайтын мүлкін сатамыз және екі-үш күнде оған басқасын тауып береміз. Бұл жағдайда риэлтордың жұмысына екі еселенген комиссия жүреді: пәтерді өткізу және басқасын сатып алу.

Расул Биккинин ескертіп отырған тәуекелшілдік кепілақшаға  байланысты. Мысалы, Алена Майлибаева өзіне екібөлмелік жай тапқан кезде пәтер иесіне кепілақша тастауға міндетті. Осылай ол өзінің жауапкершілігін көрсетеді және «сатушыны» өзіне тәуелді етеді. Кенет әлгі пәтер иесі үйін басқа біреуге екі есе бағасына сатса, заң бойынша ол Аленаға кепілақшасын еселеп қайтарады. Бірақ, кепілақша келісімшартының күшін білдіретін белгілі мерзімі болады. Мәселен, бір ай. Осы уақыт аралығында Алена өзінің төртбөлмелік жайын сатып үлгермесе, екібөлмелікті сатып алуға ақшасы болмаса, ол үй иесіне қалдырған соманы жоғалтады. Кепілақшаны беруге ешкім міндетті емес. Қожайынмен ауызша да келісуге болады. Мұндай кезде пәтердің басқа біреуге тез кетіп қалу қаупі бар. «Сатып алушы қолма-қол ақшамен келсе, үй сатылады. Қожайын сізді күтіп отырмайды, — деп ескертеді Расул Биккинин.

Сатып алушы мен сатушыны бір уақытта табу керемет нұсқа.

— Сатушы өз пәтері үшін кепілақшаны алады, — дейді «Квартал» риэлторлық агенттіктің директоры Рамиль Абдулин, — ол бұл ақшаны өзіне ұнаған пәтердің иесіне кепілақша ретінде береді. Сатушыдан объект сатып алынбаса, кепілақша сонда қалады. Өз кезегінде ол кепілақшаны сатып алғысы келетін басқа пәтердің иесіне бере алады. Яғни, сатушы ешқашан ұтылмайды.

Расында, осындай керемет вариантқа байланысты тез әрекет жасау керек.

Айырбас мәмілелері немен аяқталады?

— Адамдардың көпшілігі алатын жылжымайтын мүлкінің белгілі бір бөлігін 30 немесе 50 пайызын төлейді, қалғанын көлікпен жабады. Бірақ, біздің тәжірибемізде жылжымайтын мүлікті жылжымайтын мүлікке айырбастаған оқиға болған емес, — деп қорытындылайды риэлтор Расул Биккинин.

— Біз газетте екі жыл бойы ілініп тұрған хабарландыруымызды алып тастадық, — деп әңгімелейді Виктория Кочемирова, — менің шешем сәтті аяқталған айырбас туралы адамдардан естімепті. Бәріне қолымызды бір-ақ сілтедік. Айырбаспен әлі 5 жыл жүретін түріміз бар. Керісінше, бұл уақыт аралығында жаңа пәтер сатып алуға ақша жинаған дұрыс-ау!

Артур Меркулов көлігін пәтерге ауыстырғысы келіп, бір ай бұрын хабарландыру берген. Оған ешкім әлі телефон шалған жоқ. Бірақ, ол ерте ме, кеш пе, жолының болатынына сенеді.

Алена Майлибаева сатуға қойылған пәтерлерді және айырбас туралы жарнамаларды бос уақытында қараудан жалыққан емес. «Менің жағдайымда бағымның жанатынына үміт артамын», — дейді ол.

Осындай сан қырлы статистикаға толы хабарландырулар бәрібір көп-ақ. «Айырбас мәселесіндегі проблемаға адамдар жолықпаған тәрізді, сондықтан олар хабарландыруды беруді тоқтатпайды, — дейді астаналық риэлтор Расул Биккинин, — қысқа уақытта жаңа тұрғын үй сатып ала алмау қаупінен айырбасқа барады олар. Бұл қорқыныш сияқты.

Әріптестерінің пікірлерін қарағандылық риэлтор Рамиль Абдулин де құптайды: «Адам психологиялық тұрғыдан айырбасты дұрыс қабылдайды, өйткені, сату-сатып алу мәмілесінде тәуекелшілдік басым, мүмкін ол қоныс аударғанда болмай қалады. Демек, жылжымайтын мүлікті белгісіз мерзімге жоғалтуы ықтимал».

Тұрғын үйді айырбастаудың ерекшеліктері

  1. Тұрғын үй нарығында сатып алу мен жалға беруге қарағанда, айырбас үшін нұсқалар аз.
  2. Сатуға қойылған бағамен салыстырғанда, айырбас объектінің құнын өте жоғары көтереді.
  3. Бір бөлмеліктің көлемі қанша үлкен болса да, екі бөлмелі пәтердің қымбат болатындығын ескерген абзал.
  4. Сату-сатып алу туралы екі келісімшарт жасағаннан, айырбас мәмілесін ауыстыру келісімшарты бойынша рәсімдеген жөн. Болмаса, сот іс қараған жағдайда айырбастың жүзеге асқандығын, әлде мәміленің басқа түрі болғандығын дәлелдеу қиындық тудырады.
  5. Айырбас — құжаттарды реттеу мақсатында тым қолайлы рәсім.
  6. Айырбасты жоспарлағанда, кәсіби мамандардың көмегіне жүгінудің қажеті шамалы, өйткені, өйткені, ол риэлторларды онша қызықтыра қоймайды.

Кесте 1. тұрғын үй құның анықтау үшін нақты коэффициенттер (kn.kz Аналитикалық қызметінің мәліметі бойынша)

Аудан

қабат

жағдайы

кластығы

коэфф-т

қабат

жағдайы

кластығы

коэфф-т

қабат

жағдайы

кластығы

коэфф-т

Алматы

бірінші

жөндеусіз

эконом класс

0,95

Ортадағы

жөндеусіз

эконом класс

0,93

соңғы

жөндеусіз

эконом класс

0,93

кәдімгі

0,93

кәдімгі

0,99

кәдімгі

0,95

евроремонт

эконом класс

0,99

евроремонт

эконом класс

1

евроремонт

эконом класс

1

класы жоқ

1,17

класы жоқ

1,09

класы жоқ

0,98

Аудан

қабат

жағдайы

кластығы

коэфф-т

қабат

жағдайы

кластығы

коэфф-т

қабат

жағдайы

кластығы

коэфф-т

Есіл

бірінші

жөндеусіз

эконом класс

0,65

Ортадағы

жөндеусіз

эконом класс

0,84

соңғы

жөндеусіз

эконом класс

7

класы жоқ

0,73

класы жоқ

0,97

класы жоқ

0,79

евроремонт

эконом класс

0,78

евроремонт

эконом класс

0,86

евроремонт

эконом класс

0,99

класы жоқ

1,02

класы жоқ

1,1

класы жоқ

1,15

Аудан

қабат

жағдайы

кластығы

коэфф-т

қабат

жағдайы

кластығы

коэфф-т

қабат

жағдайы

кластығы

коэфф-т

Сарыарқа

бірінші

жөндеусіз

эконом класс

0,77

Ортадағы

жөндеусіз

эконом класс

0,6

соңғы

жөндеусіз

эконом класс

0,5

класы жоқ

0,77

класы жоқ

0,81

класы жоқ

0,64

евроремонт

эконом класс

0,88

евроремонт

эконом класс

1

евроремонт

эконом класс

0,95

класы жоқ

0,96

класы жоқ

1,12

класы жоқ

1,03

Фото: perday.ru

kn.kz Ақпарат қызметі

kn.kz
>
Статьи