Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Қол жетімді тұрғын үй жақындап қалды

«Қол жетімді тұрғын үй» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысатын операторлар «Самруқ-Қазына» жылжымайтын мүлік Қоры» АҚ-ы және «Ипотекалық ұйым «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ-ы.

Жылжымайтын мүлік қорынан сатып алу немесе жалға алу

«Самруқ-Қазына» жылжымайтын мүлік Қоры» 2009 жылы құрылған және «Самруқ-Қазына» холдингінің еншілес компаниясы болып саналады. «Бұл қор пәтерлерді сатып алып, оларды жалға береді. Жалгерлердің оны сатып алуға мүмкіндігі бар, яғни, арендалық төлемдерін төлесе, ол өзінің жекеменшігіне айналады», — дейді холдингтің төрағасы Қайрат Келімбетов.

Толығырақ айтсақ, механизм мынадай мағынаға ие болады: Қор салынған объектілерді сатып алады, немесе өз бетінше құрылыспен шұғылданады. Бұл жұмыстар «Самруқ-Қазына» АҚ-ы мен Ұлттық қордың қаржыландыруымен жүзеге асырылады.

Тұрғын үй ғимараттарын салу бірнеше механизммен жасалады:

1. Қор жеке үй салушылардың тапсырысын қарайды және жобаларды таңдауын өткізеді. Фирмалар ұсынған жобалар мынадай өлшемдермен, яғни, жер учаскелері инженерлік коммуникациялармен жабдықталып, жобалық-сметалық құжаттар мемлекеттік сараптаудан өтуі сәйкес келуі тиіс. Ұсынылған пәтерлер жайлылықтың ІІІ класынан жоғары болмай, көлемі 120 шаршы метрден аспауы керек. Үй салуға қатысушының үлесі жобада оның құны бойынша 20 пайыздан кем болмауы тиіс (пайыздың неғурлы жоғары болғаны жақсы). Фирма-салушының құрылыстағы тәжірибесі 3 жылдан, ғимаратты іске қосудағы тәжірибесі 8 мың шаршы метрден кем болмауы керек.

2. Жылжымайтын мүлік құрылысына жер участоктарын атқару органдары бөледі. Территория инженерлік-коммуникациялық инфраструктурамен қамтамасыз етілген болуы тиіс. Содан сон жылжымайтын мүлік Қоры көп қабаттылардың құрылысына ЖСҚ-ды әзірлеп, оны іске қосуға жеке үй салушыларды тартады. Болмаған жағдайда, Қор құрылыс компаниясын мердігер ретінде ЖСҚ-ға сәйкес өз бетінше құрылысты жүзеге асырады.

3. Мақсатты депозит арқылы жобаларды жүзеге асыру. Жылжымайтын мүлік Қоры екінші дәрежелі банктерге мақсатты депозиттерді орналастырады. Осы көмектерге сүйеніп, ЕДБ өз кезегінде, тұрғын үй объектілерінің құрылысына салынған жеке фирмаларға несие береді. Құрылысы басталған жылжымайтын мүлік депозитті өтегенше «Самруқ-Қазына» Қорының меншігіне өтеді. Тұрғын үй жобаға қатысушының үлесіне сай бөлінеді.

Тұрғын үй ғимараттарын өткізу екі жолмен жүзеге асырылады: тікелей сату және кейін өтеуін төлеу арқылы жалға беру (тг/кв.м)

Жайлылық класы

Астана,

Алматы

Атырау, Ақтау, Өскемен

Басқа аймақтар

III  класс

157000 дейін

124000 дейін

99000 дейін

IV  класс

132000 дейін

110000 дейін

88000 дейін

Бағалар бағдарламаны қабылдау кезінде көрсетілгендей (2012 жыл). Келер жылдары әзірлеушілер құрылыс жұмысына кеткен шығынға сай өзгертілген сату құнын ұсынады.

Кейін өтеуін төлеп алу арендасы максимальды мерзім 15 жылды құрайды. Жалға алу мерзімі ұзаған сайын бір айлық төлем аз болады, бірақ, пәтердің құны өседі. Жылжымайтын мүлік Қорының сайтында (www.fnsk.kz.) мысал келтіріледі: құрылыстың өзіндік құны бір квадрат метрге 150 000 теңге (мәселен, Астанада), тұрғын үйдің арендалық мерзімі 5 жылға созылса, кейін өтеуін төлеп алуға байланысты пәтерлер бір метрге 3 162 теңгеге сай жалға беріледі, арендалық мерзім 7 жылға бекітілсе, бір метрге 2 470 теңге болады. 60 шаршы метр көлемі бар жылжымайтын мүлік үшін бірінші жағдайда азамат айына 189 720 теңге төлейді, екінші жағдайда — 148 200 теңге.

Жалпы, өз төлем қабілетінің бағасы үшін мынадай вариант ұсынылады: егер жанұяның барлық шығындары мен арнайы жиынтық табыс арасындағы айырмашылық 52 800 теңге болса (немесе бұдан көп болса), онда төлем қабілеттілік жеткілікті деп саналады. Жанұя шығындары әрбір отбасы мүшелерінің күнкөріс минимум сомасы + несиеге төлем + коммунальдық ақы бойынша есептеледі.

«Самруқ-Қазына» «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасын жүзеге асыруда ең басты пайда интернет арқылы жылжымайтын мүлікті сатып алу мүмкіндігі деп қарайды. Объектіні пайдалану үшін тапсыруға үш ай қалғанда Қордың веб-сайтында ол туралы ақпарат беріледі. Үй, пәтер алғысы келетін немесе оларды жалға алғысы келетін барлық талапкерлер интернет арқылы тіркелімнен өтулері керек. Тіпті нақты пәтерді таңдауға болады. Сайт тапсырыс беретін уақытты анықтайды және реттік нөмер береді. Егер бір пәтерге бірнеше талапкер болса, тапсырысты бұрын ұсынған адамның мүмкіндігі мол болады. Бірақ, бірінші кезекте, әрине, клиенттің төлем қабілеті ескеріледі.

Қик-да тек аренда

Тұрғын үйге ие болудың тағы бір нұсқасы — «Ипотекалық ұйым «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ-ы (www.kmc.kz.) арқылы мақсатқа жетуге болады. Құрылым ипотекалық несиелеу көлемін ұлғайту үшін 2000 жылы ұйымдастырылды. Басында ол «Самруқ-Қазына» холдингінің еншілесі болды. Қазір оның бас акционері ҚР қаржы Министрлігіне қарасты мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитеті болып табылады. Ол компания акциясының 91, 36 пайызына иелік етеді.

ҚИК линиясы бойынша пәтерлер кейін өтеуін төлеумен жалға беріледі. «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен компанияға 107 миллиард теңгеден артық көлемде инвестиция бөлу жоспарланып отыр.

Тағы да республикалық жәрдемнің арқасында жергілікті атқару органы жоспарланған құрылысқа байланысты учаскелерге инженерлік коммуникациялар жүргізеді. Бұдан соң әкімдіктер бұл учаскелерді өтеусіз негізде «ИҰ ҚИК» АҚ-ның меншігіне өткізеді.

Қазақстандық ипотекалық компанияның екі еншілес ұйымы бар. «Тұтас төлем жүйесі» ЖШС-і клиенттермен жұмыс істейді, дәлірек айтсақ, келісімшарт жасасумен, арендалық ақыны жинаумен, ақшаның мақсатқа жұмсалуын бақылауды қамтамасыз етумен айналысады. «ТТЖ» ЖШС-і өз кезегінде тағы бір мамандандырылған компанияға — «Қазақстандық тұрғын үй-құрылыс корпорация» АҚ-на иелік етеді. Бұл құрылым тұрғын үй құрылысына тендерлер өткізумен және ұйымдастырумен, барлық құрылыс кезендерінде техникалық бақылау жүргізумен, арендалық баспананы пайдалануға берумен және оны қабылдаумен, құрылыс жұмыстарын қаржыландырумен шұғылданады. Құрылыс біткесін ҚИК жергілікті атқару органдарының қатысуымен объектіні пайдалануға береді және құқықтық белгіленген құжаттарды рәсімдейді.

Арендалық тұрғын үйді кейін өтеуін төлеп алуға үміті бар қатысушыларды іріктеуді жергілікті атқару органы өткізеді. Басқа операторларға қарағанда мұнда таңдау басымдығы шектелген. Мүгедектер, ҰОС-ның ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар; мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары; үйлері ресми түрде деп танылған азаматтар; І және ІІ топтағы мүгедектер; мүгедек балаларды тәрбиелеуші жанұя; кейбір созылмалы аурудың ауыр түрімен қиналып жүрген адамдар; зейнеткерлер; жетімдер және ата-аналарының қарауынсыз қалған балалар;  29 жасқа толмағандар; кәмелет жасқа толмай ата-анасын жоғалтқандар; оралмандар; төтенше жағдайлардан немесе экологиялық зілзаладан баспанадан айырылғандар; көпбалалы отбасылар; мемлекеттік немесе қоғамдық тапсырманы орындауда қаза болғандардың жанұясы; толыққанды емес жанұя; құқық қорғау органдарының қызметкерлері; әлеуметтік саланың қызметкерлері; мемлекеттік немесе жекеменшік оқу орындары; денсаулық сақтау ұйымдары; жоғары  немесе орта арнаулы білімі бар азаматтар бағдарламаның қатысушылары бола алады. Жоғарыда көрсетілген адамдардың категориялары жергілікті атқару органдарында есепте тұрулары міндетті емес.

Әкімдіктер бағдарламаға қатысу үшін іріктеуден өткендерді бекітіп, тізімдерді Қазақстандық ипотекалық компанияға жолдайды. ҚИК-да олардың төлем қабілетінің шамасы анықталады.  Жергілікті атқару органдары кейін өтеуін төлеуші ретінде арендалық тұрғын үйді иеленушілердің біржолата тізімін жасайды және оларды арендаға байланысты келісімшарт жасау үшін ҚИК-на жолдайды.

Егер барлық әлеуетті арендаторларға пәтерлер жетіспесе, кімнің жұмыс өтілінің көптігі және елдімекенде тұрған уақытының ұзақтығы ескеріледі.

Тұрғын үй кейін өтеуін төлеп алуға байланысты арендаға 15 жылға беріледі. Жалгердің пәтерді мерзімінен бұрын сатып алуға еркі бар, бірақ, арендаға 10 жыл толуы тиіс. Мұндай жағдайда баспананың қалған құны соңғы айлық арендалық төлемнің сомасына тең болады. Қаржылық мәселеден тыс клиент өз қалауымен көлемі үлкен немесе кіші үйге көше алады, сондай-ақ,  ҚИК-ның немесе оның еншілес ұйымының келісімінен кейін өтеуін төлеп алу өз арендалық құқын үшінші тұлғаға бере алады.

Табысы жеткіліксіз болса, клиент өз жанұясының  мүшесін соарендатор ретінде тартады.

Жалгер пәтерге қоныстанар алдында арендалық төлемнің 6-айлық көлемінде кепіл жарнасын төлеуі тиіс, сонымен қатар арендалық ақыны төлей алмау жағдайын сақтандырады.

1 кв. метрдің таза қию құны (тг)

Жайлылық класы

Астана,

Алматы

Атырау, Ақтау, Өскемен

Басқа аймақтар

III  класс

157000 дейін

124000 дейін

99000 дейін

IV  класс

132000 дейін

110000 дейін

88000 дейін

Бір шаршы метрдің құны тұрғын үйдің ЖСҚ-на, сейсмалық ауданға мемлекеттік сараптаманың жасаған қорытындысына байланысты болады. Құн қаланың инфляциялық коэффицентіне байланысты өзгеріп отырады.

Тұрғын үйдің эконом-класы деген не?

«Тұрғын үй ғимараты» 3.02-43-2007 ҚСжП-да жайлылық дәрежесі бойынша тұрғын үй ғимаратының сұрыптамасы бекітілген. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынатын тұрғын үйдің эконом-класы тұрғын үй ғимаратының ІІІ және ІV класына жатады. 

Таблица 1. Ғимараттың техникалық параметрінің III и IV кластықжайлылығы

Жайлылық көрсеткіштері

III класс

IV класс

Тұрғын үй алаңы 1 адамға

18 ш.м-ге дейін 

15 ш.м

Төбенің биіктігі

2.7 м

2.5 м

Үйдің бөлме сандары

1-4

1-2

Асхананың минимальды көлемі                 

9 ш.м-ден кем емес

9 ш.м-ге дейін, асханаша

6 ш.м-ден кем емес

Балкондар, лоджия

3-, 4-бөлмелер — 2-ден кем емес;

1-, 2- бөлмелер — 1

1-ден артық емес

Ванналар және сантораптар

1 ванна + 1 әжетхана

Біріккен санторап

 Фото: valyaeva.ru

Kn.kz ақпарат қызметі

kn.kz
>
Статьи