«Жас жанұяға арналған қолжетімді тұрғын үйге байланысты бағдарлама туралы білесіз бе?» — деп сұрады менен таныс әріптесім. Ол қыз күйеуімен және оның ата-анасымен бір үйде тұрады. Бикеш Қазақстандағы жаңадан отбасын құрған барлық жұбайлар секілді бала сүйгісі келеді, өз баспанасы болғанын қалайды.
Журналшылар бәріне үлгеретін желаяқ халық. Әлгі құрбым мемлекеттік бағдарламаларды насихаттайтын теледидарда қызмет жасайды. Бірақ, ол «Қолжетімді тұрғын үй» туралы, қайда құжаттар қабылданады және бұл бағдарлама бойынша пәтер алу қаншалықты шынайы екенін білмепті.
Абзалы сұрақтар туындаса, әрдайым интернетке «жүгінген» тиімді. Аздап шыдамдылық танытсаңыз, түсініктеме алу үшін мекеменің мекен-жайын да, телефонын да табасыз. «Қолжетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасының жүзеге асатын 9 кезеңі және көптеген кураторлары мен орындаушылары бар. Құрбыма «Тұрғын үй құрылыс банктің» сайтын жолдағанмын, «Бәрін оқыдым, басым қатып кетті», — деген жауап алдым. Баспана мәселесін шешумен үш оператор «Ипотекалық ұйым «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ-ы, «Самруқ-Қазына» жылжымайтын мүлік Қоры» АҚ-ы және «Қазақстан тұрғын үй құрылыс банкі» АҚ-ы айналысады. Бұлардың әрқайсысында тұтынушылар үшін өз шытырмандары, күрделіліктері мен түсінбестіктері болатыны жасырын емес. Сондықтан біздің жинаған ақпараттарымыз тұрғын үй алғысы келетіндерге, бірақ, неден бастауын білмейтіндерге көмектесетініне сенеміз.
Бүгінгі таңда «Тұрғын үй құрылыс банкі» көзге анық көрінетін бренд болды. Тұрғын үйге байланысты ахуалды жақсарту мақсатында жағдайлары орташа немесе төмен қазақстандықтар үшін құрылып, он жылдан бері өмір сүріп келеді. Банктің статистикалық мәліметі бойынша үстіміздегі жылдың басында 372 мың азамат жиналды (ЖҚЖБ-тің осынша салымшысы бар). Әзірге олардың сегізден бір бөлігі тұрғын үй қарызын алып үлгерді (46 мыңнан астам адам).
Банктің акционері ҚР құрылыс істері және тұрғын үй-коммунальдық шаруашылығы бойынша Агенттігі болып табылады (қазір ол аймақтық даму Министрлігінің құрамына кіреді).
«Қолжетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасына «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы қатысу үшін талапкер оның салымшысы болуға тиіс. Мұндай процесс тұрғын үй құрылыс жинағын қорландыру туралы келісімшарт жасасудан басталады. Жан-жақты ақпаратты www. hcsbk.kz.-тің арнайы сайтынан оқи аласыздар.
1 бағыт: «Адамдардың барлық категориясы үшін тұрғын үй»
Салымшылар үшін пәтерлер республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға салынады: үкімет жергілікті атқарушы органдарға ақша береді (әкімдіктерге). Өкімет осынау маңызды жұмысқа жеке құрылысшыларды да тартады. Жобалар таңдалып бекітілген соң, әр объекті бойынша қызмет істеу туралы әкімдік ТҚЖБ-мен келісімшартқа қол қояды. «Қазақстан тұрғын үй құрылыс банкі» салымшыларының мүддесін қорғайтын болғандықтан, құрылыс ғимараттарының салыну барысын бақылайды. Объект пайдалануға берілгенде, ТҚЖБ-і дайын пәтерлердің ақысына атқарушы органдарға ақша жібереді. Олар бұл қаржыны республикалық бюджеттен алынған несиені төлеуге жұмсайды.
Салынатын пәтерлер жайлылық дәрежесі бойынша III және IV кластан жоғары болмауы қажет*.
1 кв. метрдің таза қию құны (тг)
Жайлылық класы |
Астана, Алматы |
Атырау, Ақтау, Өскемен |
Басқа аймақтар |
III класс |
142500 |
112500 |
90000 |
IV класс |
120000 |
100000 |
80000 |
Барлық бағалар инженерлік желінің құнынсыз берілген. 2015 жылдан квадрат метрдің құны инфляцияны есепке алып индекстеледі.
Алғашында ескертілгендей, бұл бағытқа қатысу үшін азамат ТҚЖБ-дегі есепшотына ақша аударады. Банк қызметкері бірінші күннен-ақ жинақтау мен займ туралы оған тәптіштеп түсіндіреді. Келісімшарт жасалған соң, қаражат ақырындап жинала бастайды.
Көп қабаттылардың жобасы бекітілгеннен соң, банк болашақ тұрғын үйді сатып алушылардың пулін қалыптастырады. Бұл процестің басталуы туралы барлық салымшыларға банктің веб-сайты және БАҚ арқылы хабар беріледі.
Осы кезеңде әрбір клиенттің төлемге қабілетіне және алған ұпайына байланысты талапкерлер арасында өте күрделі іріктеу жүргізіледі. Егер сүзгі сәтті өткізілсе, пәтерді таңдай алады, ал, үй дайын болмаса, адам ақшасын жинай береді.
Бұл жүйе жағдайлары орташа немесе төмен жандарға арналып құрылған. Объект пайдалануға берілген уақытта талапкердің ақшасының болмай қалуы ескерілген. Сондықтан ТҚЖБ-де тұрғын үйлік, аралық және алдын ала қарыздар да қарастырылған. Азамат несие алады (пайыз бағдарламаға сай), ол тұрғын үй құрылыс жинақтауына қосылады, әрі қарай барлық сома енгізіледі. Сөйтіп, клиент бірнеше жыл несие төлейді. Тұрғын үй бұл сәтте «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» кепілде тұрады. Қажет болса, банк қосымша кепіл талап етеді.
Бірінші бағыт бойынша пәтер сатып алушылар төмендегі талаптарды сақтаулары тиіс: тұрғын үй жинақтамасы туралы келісімнің шарттарын орындайды және өзінің төлемге қабілетін растайды. Егер қатысушы ТҚЖБ-ден қарыз алғысы келсе, мына өлшемдер: жеке үйі болмағанда (жұбайының немесе балаларының), тұратын алаңшасы аз: әрбір жанұя мүшесіне 15 шаршы метрден кем болуы қажет.
Тұрғын үйді кейін өтеуін төлеп алушы арендаторлар
Бұл категория да бірінші бағытқа жатады. Баспананы сатып алуға төлем қабілеті жоқ адамдар оны ұзақ мерзімге жалға алады (бірақ, 8 жылдан көп емес). Жалға алу барысында ол әуелі пәтер құнының 50 пайызын төлеп үлгеруі тиіс. Қалған 50 пайызын 15 жыл мерзімге тұрғын үй займы түрінде банк береді. Жалға алу құны бір шаршы метрге 100 теңгеден аспайды және оған коммунальдық қызмет ақысы қосылады.
Осы механизмге қатысушы азамат кейін өтеуін төлеп алу арендасы бойынша арыз берілетін елдімекенде қатысушының да, оның жанұя мүшелерінің де жекеменшік үйлері болмауы керек. Арыз берер алдында отбасының 6 айлық жиынтық таза табысы күнкөріс минимумының 15 еселенген мөлшерінен артық көрсетілмейді. Әр қалада өз КМ-ы бекітілген: мысалы, Қарағандыда 15 465 теңгеге, ал, Астанада 19 170 теңгеге сәйкес. Яғни, бағдарлама бойынша аренда үшін Қарағандыда жанұя бюджетінде (барлық шығынды алып тастағанда) бір айда 231 975 теңгеден артық емес, Астанада — 287 550 теңге.
Пәтерге қоныстанбас бұрын арендатор тұрғын үй құрылыс жинағын қорландыру үшін 6 еселенген бір айлық көлемінде кепіл жарнапұлын салады (салымшының өз есепшотына ай сайын құятын сомасы жеке есептеледі).
Арендатор жалға алған баспанасынан үш ай көлемінде жарнапұл төлемесе шығарылады. Бұдан соң банк әкімдікке қорланған жинақты аударады және клиенттің кепіл жарнапұлы тұрғаны үшін өтемақы есебіне жатады.
2 бағыт: «Жас жанұялар үшін тұрғын үй»
Бұл жағдайда да жергілікті атқару органдары респуб-ликалық бюджеттен несие алады. Әкімдік құрылысты және жалға байланысты тұрғын үйді сатып алуды ұйымдастырады, екінші бағытқа қатысушыларды іріктеумен шұғылданады. Шенеуліктер келешек арендаторлардың тізімін жасайды және оны банкке жолдайды. ТҚЖБ-і клиенттің төлем қабілетін байқайды. Содан соң жергілікті атқарушы орган өлшемге сай нақты тізім құрайды.
Кейін өтеуін төлеп алуға байланысты жас жанұяларға ұзақ мерзімдік аренда беріледі. ТҚЖБ-не тапсырыс берер кезде жұбайлардың жасы 29-дан аспауы, арыз жазар сәтте некеге тұру уақыты 2 жылдан кем болмауы тиіс. Сонымен қатар жас жанұя құрамына кәмелетке толмаған балалар және жұмысқа қабілетсіз ата-аналар кіреді. Жалға алудың максимальдық мерзімі – 8 жыл.
Тұрғын үй пайдалануға берілгенде, қатысушы жергілікті атқару ұйымымен келісімшарт жасасады. Сонымен қатар онда жинақты қорландыру туралы ТҚЖБ-мен келісімі болады. Пәтерге қоныстанбас бұрын арендатор тұрғын үй құрылыс жинағын қорландыру үшін өз есепшотынан ТҚЖБ-не 6 еселенген бір айлық көлемінде кепіл жарнапұлын салады (әрқайсысына жеке есептеледі). Тұрғын үй арендасы үшін жастардан ақша алынбайды. Отбасы тек коммунальдық қызметке төлейді.
Жалгерлік кезінде тұрғын үй құрылыс жинақ туралы келісімшартқа сай қорландыру жүзеге асады. 3 ай төңірегінде төлем кешіктірілсе, жалдаушы пәтерден шығарылады. Бұдан соң банк әкімдікке қорланған жинақты аударады және клиенттің кепіл жарнапұлы тұрғаны үшін өтемақы есебіне жатады.
Егер барлық талап орындалса, аренда мерзімі бітсе, қатысушы әкімдікпен сатып алу-сату туралы келісімшарт жасасады. Бұл кезде жас жанұяға барлық соманы жинаудың қажеті жоқ. Өйткені, ТҚЖБ-і 15 жылға қарыз береді. Несие төлеу кезінде пәтер банкке кепіл ретінде өтеді.
1 кв. метрдің таза қию құны (тг)
Астана, Алматы |
100000 дейін |
Атырау, Өскемен, Ақтау |
120000 дейін |
Басқа аймақтар |
80000 дейін |
«Жас жанұялар үшін тұрғын үй» бағытына қатысушы арыз берілетін елдімекенде тіркеледі, қатысушының да, оның жанұя мүшелерінің де жекеменшік үйлері болмауы керек. Осы бағдарлама бойынша арыз берер алдында отбасының жартыжылдық жиынтық таза табысы Алматы мен Астана қалаларында күнкөріс минимумының 4 еселенген мөлшерінен (76 680 тг және 75 980 тг), қалған аймақтар үшін — күнкөріс минимумының 3 еселенген мөлшерінен кем көрсетілмейді. Бірақ, жиынтық табыс күнкөріс минимумының 12 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
Kn.kz ақпарат қызметі