Добавить объявление Поиск недвижимости Избранное 0 Новостройки Компании Риэлторы Заявка риэлторам Статьи
Способы оплаты Реклама на kn.kz О компании Обратная связь Полная версия сайта

Астана қаласындағы қайталама тұрғын үй нарығына шолу (наурыз 2013 ж.)

Астанада орташа өлшенген ұсыныс бағасы бір шаршы метрге 291 400 теңге дәрежесінде белгіленді (долларға баламасы 1934 ш.б./ш.м). Өткен айдағы өсу — 4900 теңге әр шаршы метрге немесе 1,7%, есеп кемшілігінде — 0,6%. «Қымбат» сегментінде орташа баға 363 400 тг/ш.м (+6400 тг/ш.м, немесе +1,8%) болды, ал, «арзанда» — 230 600 тг/ш.м (+3700 тг/ш.м, немесе +1,6%) (диаграмма 1). Тексерілген объектілер саны 5419, яғни, өткен айдан артық 7,6%-ды құрады. Жалпы көлемі — 400 мың ш.м, ұсыным бағасында нарық көлемі — 120 млрд. теңге.

Ұсыныс

Ұсыным көлемі бойынша (диаграмма 2) алдыңғы қатарда Алматы ауданы — 55% (3001 пәтер, жалпы ұсыным санынан), ал, Есіл әкімшілік ауданында салынып жатқандар жоғары қарқын алды — 16% (879 пәтер). Сарыарқа ауданындағы сатуға қойылған объектілердің саны 29%-ды (1539 пәтер) құрады. Ұсынымның өсуі өткен аймен салыстырғанда, барлық аудандарда байқалды: Сарыарқа — 4% (+66 пәтер),  Есіл — 7% (+58 пәтер), Алматы — 9% (+257 пәтер).

Қала бойынша тұрғын үй форматына байланысты ұсыным талдауы көрсеткендей, 2-бөлмелі пәтерлер ең жоғары салмаққа ие болды — 36% (1941 объекті), ең төменгі — 5-бөлмелі және одан жоғары — 2% (96 объектілер). 1- мен 3- бөлмелі пәтерлердің үлесі талдау кезеңінде 23%-ды (1265 объектілер) немесе 30%-ды (1615 объектілер) 4-бөлмелілер — 9%-ды (502 объектілер) құрады. (диаграмма 3). Сыртқа көрсетілетін объектілер санының өсуі 5%-ға (-5 пәтер) қысқарды, ол көп бөлмелілерден басқа пәтердің барлық форматтарында сезілді. Ұсынымның ең жоғары өсуі 4-бөлмелі баспанада белгіленді — 16% ( +69 пәтер),  ең төменгі — 1-бөлмелі — 2% (+27 пәтер). Әрі қарай 3-бөлмелі үйлерге қарқынның төмендеу тәртібі тіркелді — 13% (+187 пәтер), 2-бөлмелі — 6% (+103 пәтер).

Құрылыс материалына байланысты үйлерді бөлудің ұсыным талдауы кірпішті пәтерлердің жалпы көлемі 48%-ды (2582 объекті), монолитті және панельді үйлерде — 33%-ды (1815 объекті) немесе 19%-ды (1022 объекті) көрсетті (диаграмма 4). Өткен аймен салыстырғанда, ұсыным дәрежесі монолитті пәтерлерде 12%-ға(+190 объекті), панельді және кірпішті үйлерде  — 8% және5%-ға(+74 және+117 объектілер) өсті.

Қаладағы үйлерді сапасына сәйкес төмендегідей ең басты төрт түрге бөлуге болады: жаңа пәтерлер, соңғы он-он бес жылда салынған үйлер, сатуға ұсынымның көп бөлігі — 69%-ды (3731 объекті), ескі типтегі құрылыстар — 3%-ды (137 объекті), жақсартылған жобалар — 21%-ды (1160 объекті) және «хрущевкалар» — 7%-ды (391 объекті) құрады. (диаграмма 5). Айлық төмендеу саны 19% (-94 объекті), ал, ескі құрылыста — 27% (+29 объекті) және жақсартылған жобалар мен жаңа пәтерлерде — 11% бен 10% (+118 мен+328 объектілер) байқалды.

Бағалар

Есілдің сол жағалауында сұранысқа орташа баға 363 600 тг/ш.м (долларға баламасы — 2413 ш.б./ш.м), оң жағалау ауданында — 272 800 тг/ш.м (1842 ш.б./ш.м) болды. Ұсынымның орта өлшенген баға есебін ескере отырып, Алматы мен Есіл әкімшілік аудандарында баға көрсеткішінің өскенін айтуға болады. (Кесте 1). Алматы ауданында ұсынымның орташа бағасы 281 300 тг/ш.м (1867 ш.б./ш.м), Сарыарқа ауданында — 270 000 тг/ш.м (1792 ш.б./ш.м). болып белгіленді.

Жуық арадағы жобада қаланың барлық аудандарында баға көрсеткішінің өсуі күтілуде (Кесте 1).

1 Кесте. Қаланың әкімшілік аудандарындағы нарықтағы қайталамалы тұрғын үйлердің көрсеткіштері

Аудан

Объектілер саны, өлшемі

Өткен кезеңге қарағанда көлемнің, өлшемнің өзгеруі

Ұсынымның орташа бағасы тг/ш.м

Өткен кезеңге қарағанда бағаның өзгеруі

тг %

Алматы

3001

+257

281 300

+5800

+2.11

Есіл

879

+58

363 600

+6700

+1.89

Сарыарқа

1539

+66

270 000

+2200

+0.8

Қала

5419

+381

291 400

+4900

+1.72

Пәтерлер форматына байланысты қала бойынша ұсынымның орташа бағасын талдаудың статистикалық мәліметтеріне сай 1-, 2-, 3- және 4-бөлмелі пәтерлерге баға көрсеткішінің өсуі байқалды. Ең жоғары баға 4-бөлмелі — 3,5%-ға, ең төменгі — 1-бөлмелі үйлерде — 1,3%-ға жоғарылады. Толығырақ 2 кестеде.

2 Кесте. Пәтерлердің форматына байланысты нарықтағы тұрғын үйлердің көрсеткіштері

Бөлмелер

Объектілердің саны, өлшемі

Өткен кезеңге қарағанда көлемнің, өлшемнің өзгеруі

Ұсынымның орташа бағасы тг/ш.м

Өткен кезеңге қарағанда бағаның өзгеруі

тг %

1-бөлмелі

1265

+27

283 800

+3600

+1.28

2-бөлмелі

1941

+103

285 500

+4800

+1.71

3-бөлмелі

1615

+187

294 300

+5000

+1.73

4-бөлмелі

502

+69

318 000

+10600

+3.46

5-бөлмелі және одан жоғары

96

-5

324 500

-16200

-4.76

Қала

5419

+381

291 400

+4900

+1.72

2013 жылғы наурыздағы қорытынды бойынша қайталамалы тұрғын үй нарығында 80000-220 000 тг/ш.м диапозонкөлемі 5%-ға қысқару, 220 000-370 000 тг/ш.м және 370 000-700 000 тг/ш.м диапазонкөлемі, керісінше, 17% бен 22%-ға өсу байқалды. (диаграмма 6). 2009 жылдан «қымбат» бағалар тарапынан орта өлшенген ұсыным бағасында структуралық қозғалыс бар.

Жіктеу көрсеткіштері

Жіктеу индексі («қымбат» үйдің «арзанға» қатысты есептесу үшін талдау базасынан 20%-ға алынды) 1,58 белгідекөрсетілді, баға шегі алдағы аймен салыстырғанда өсті. Ең жоғары баға диапазоны көп бөлмелі пәтерлерде («қымбат» секторының бағасы «арзаннан» 2,33 есе жоғары), ал, ең төмен — 1-бөлмеліде (1,47 есе) көрсетілді.

Талдау кезеңінде «қымбат» үй секторындағы ұсынымның орташа бағасы 363 400 тг/ш.м (2412 ш.б./ш.м) 1,8%-ға өсті. Элит-класс сегментінде ұсынымның салмақ бағасының өсуіне 3- пен 4-бөлмелі пәтерлерде ықпалды әсер тигізілді.

Бақылау кезеңінде тұрғын үйдің осы сегментінде 2007 жылдың қарашасынан инфляцияны есептемегенде теңгелік баға 7,7%-ға (+26100 тг/ш.м) өсті.

2013 жылдың ақпанымен салыстырғанда «арзан» үй секторында ұсынымның орташа бағасы 230 600 тг/ш.м (1530 ш.б./ш.м) 1,6%-ға өсті. Сонымен қатар орташа баға көп бөлмелілерден басқа пәтерлердің барлық форматтарында жоғарылады.

2007 жылдың қарашасынан осы үй секторында инфляцияны есептемегенде, теңгелік баға 10%-ды (+21000 тг/ш.м) құрады.

Қорытындылар:

  • 2013 жылдың наурыз айында қайталамалы тұрғын үй нарығында ұсыным санының өсуі байқалды.
  • Қысқа мерзімді жобада ұсыным салмағының орта өлшенген динамикасында жоғарылау тренді сезілді, бірақ, өсу қарқыны біраз төмендеді.
  • 2007 жылдың соңынан қала бойынша баға салмағы «арзан» сегментіндегідей, «қымбат» сегментінде теңге баламасы өсті.
  • Наурызда бағаның инерциондық жоғарылауы 1,5-2,5%-дан аспайтыны күтілуде.

Kn.kz аналитикалық қызметі

kn.kz
>
Аналитические статьи